ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЕРЕЖЕСІ

 

Арыс қаласының
Қоғамдық кеңесінің
Ережесiн бекiту туралы
 
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы   №148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабына,   Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V “Қоғамдық кеңестер туралы” Заңының 9 бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгiлiк ереженi бекiту туралы» № 1194 қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:    
1. Қоса берiлген  Арыс Қаласының Қоғамдық кеңесінің Ережесi бекiтiлсiн.   
2. Осы шешiм бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және интернет-ресурстарында орналастырылсын.
Қалалық мәслихат   сессиясының төрағасы                                                             Е.Әлімбаев 
Қалалық мәслихат   хатшысы                                                                                    А.Байтанаев

                                                                                        Арыс қалалық
                                                                                                          мәслихатының 2016 жылдың
                                                                                     29 сәуірдегі №2/8-VI
                                                                                                        шешімімен бекітілген
                       Арыс қаласы  Қоғамдық кеңесі туралы
1. Жалпы ережелер
  1. Осы Арыс қаласының Қоғамдық кеңесі туралы Ереже (әрі қарай Қоғамдық кеңес) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына (әрі қарай Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес  әзірленді.
  2. Қоғамдық кеңес – Арыс қалалық мәслихаты құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы орган.
  3. Қоғамдық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.
2. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру
  1. Қоғамдық кеңес Заңмен көзделген тәртіппен қалыптастырылады.
  2. Қоғамдық кеңес автономды және дербес болып табылады. Қоғамдық кеңестер арасындағы өзара іс-қимыл Заңда көзделген тәртіппен іске асырылады.
  3. Жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қоғамдық кеңестері жатады. Бұл ретте ауыл, кент, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала деңгейіндегі Қоғамдық кеңес функциялары жергілікті қоғамдастық жиналысына жүктеледі.
  4. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.    
3. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімі
  1. Қоғамдық  кеңесті мемлекеттік органдардың өкілдерінен және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан тұратын жұмыс тобы  (бұдан әрі – жұмыс тобы) қалыптастырады. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
  2. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік  ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспауы тиіс. Аталған өкілдіктің дербес құрамын Арыс қалалық мәслихатының хатшысы өзі дербес айқындайды. Бұл кезде  Арыс қалалық мәслихатының хатшысы Қоғамдық кеңесте қаралатын мәселелердің басымдығына сүйенуге тиіс.
  1. Жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігін құрайды және коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
  2. Жұмыс тобының сандық құрамын Арыс қалалық мәслихатының хатшысы айқындайды.
  3. Арыс қалалық мәслихаты жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурсты өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды немесе Арыс қалалық мәслихаттың  интернет-ресурсында орналастырады.
  4. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 күн мерзімде  Арыс қалалық мәслихатына жазбаша түрде жұмыс тобына кандидатуралар бойынша  ұсыныстарын жібереді.
         Өзінің ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.
  1.  Азаматтық қоғамнан жұмыс тобына кандидаттарға Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.
  2. Арыс қалалық мәслихаты конкурс мерзімі аяқталған соң  келіп түскен ұсыныстардың негізінде жұмыс тобына кандидаттар тізімін әзірлейді және екі апта мерзімде  жұмыс тобына кандидаттарды, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтарды шақыра отырып отырыс ұйымдастырады.
  3. Арыс қалалық мәслихатының хатшысы отырысты ашады және жүргізеді.
  4. Отырыста осы Ереженің  12 және 13-тармақтарының талаптарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар ұсынған кандидатураларды талқылау жүргізіледі. Кандидатураларды талқылау қорытындысы бойынша ашық дауыс беру жүргізіледі. Отырысқа келмеген кандидатуралар бойынша дауыс беру жүргізілмейді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар жеңімпаз болып табылады. Тең дауыс санын жинаған кандидатуралар бойынша  жұмыс тобы басшысының даусы шешуші болып есептеледі.
  5. Жұмыс тобының құрамы Арыс қалалық мәслихаты хатшысының (бұдан әрі – жұмыс тобының басшысы) шешімімен бекітіледі. Жұмыс тобының басшысы оның мүшелері қатарынан хатшыны тағайындайды.
  6. Жұмыс тобының құрамы Арыс қалалық мәслихаттың ресми интернет-ресурсында жарияланады.
  1. Жұмыс тобы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
  1. Тұрғындарды Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар етеді;
  2. Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;
  3. Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін өткізеді;
  4. Арыс қаласының Қоғамдық кеңесі туралы ереже жобасын Үлгілік ереже негізінде әзірлейді.

    5. Жұмыс тобының отырыстарын дайындау және өткізу
  1. Жұмыс тобының отырыстары өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда хатшы жұмыс тобының мүшелерін оның өткізілу уақыты, орны, талқыланатын мәселелер туралы құлақтандырады.
  2. Жұмыс тобының отырысы оның тізімдік құрамының үштен екісі қатысқан  кезде заңды болып табылады.
  3. Жұмыс тобының отырыстарын жұмыс тобының басшысы жүргізеді.
  4. Жұмыс тобының отырыстарында шешімдер ашық дауыс беру жолымен қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауыс беруі арқылы қабылданады.
  5. Жұмыс тобының отырыстарында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды.
  6. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарламаны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында немесе Арыс қалалық мәслихатының интернет-ресурсында оның атауын, пошталық мекенжайын, құжаттарды тапсыру мерзімдерін, құжаттар және өзге де мәліметтер жіберілетін электрондық пошта мекен-жайын көрсете отырып және Заңның 10-бабының                   2-тармағына сәйкес өзге де мәліметтерді  жариялайды.
  7. Жұмыс тобы отырыстарда Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар конкурсына қатысу үшін келіп түскен құжаттарды талқылауды және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді.
  8. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске  бір ғана өкіл сайлануы мүмкін.
  9. Құрылған Қоғамдық кеңес құрамы Арыс қалалық мәслихатының шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және Арыс қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
  10. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының басшысы ашады, ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқаның бүкіл құрамы сайланады.
       Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының жетекшісі ашады.
      Осы отырыста ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқаның бүкіл құрамы сайланады.
      Қоғамдық кеңестің мүшелері – мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін белгілі қоғам қайраткерлері арасынан оның төрағасын сайлайды.
  1. Қоғамдық кеңес төрағасы, хатшысы,  төралқасы сайланған соң жұмыс тобының және оның басшысының өкілеттіктері тоқтатылады.
6. Қоғамдық кеңестердің мақсаты мен міндеттері
32. Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін
білдіру қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты болып табылады.
33. Қоғамдық кеңестердің міндеттері:
1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;
2) орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;

3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
7. Қоғамдық кеңестердің және олардың мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
34. Қоғамдық кеңестер мүшелерінің өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына кіруге;
2) тиісті мемлекеттік органмен келісу бойынша орталық атқарушы органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзге де жұмыс органдарының жұмысына қатысуға;
3) осы Заңда белгіленген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүгінуге құқығы бар.
35. Өз қызметінде Қоғамдық кеңес және оның мүшелері:
1) Конституцияның, оған сәйкес келетін заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын сақтауға;
2) өз қызметін жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға;
3) жылына екі реттен сиретпей бұқаралық ақпарат құралдары немесе интернет-ресурстар арқылы халыққа Қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпарат беруге;
4) өз қызметі туралы жылдық есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға немесе тиісті мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
8. Қоғамдық кеңестің ұйымдық құрылымы және оның төралқасының өкілеттіктері
36. Қоғамдық кеңес қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңес төралқасы сайланады. Төралқаның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы, қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған мемлекеттік органның басшысы, Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағалары, жекелеген мүшелері кіреді.
37. Қоғамдық кеңестің төралқасы:
1) Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;
2) Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;
3) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.
9. Қоғамдық кеңес төрағасы мен хатшысының өкілеттіктері
38.Қоғамдық кеңестің төрағасы:
1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады
2) отырыстарда төрағалық етеді;
3) Қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға қол қояды;
4) Қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті  үйлестіреді;
5) республикалық мемлекеттік органның, жергілікті мемлекеттік басқару органының отырыстарына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады;
6) өзі болмаған уақытта төрағаның міндеттерін орындауды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.
39. Қоғамдық кеңестің хатшысы:
1) Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;
2) Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау
жасайды.
10. Арыс қаласының Қоғамдық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру
40. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының жетекшісі ашады.  Осы отырыста ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқасының бүкіл құрамы сайланады.
41. Қоғамдық кеңестер жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.
Қажет болған жағдайларда Қоғамдық кеңестің отырысына оның шешімімен мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіптік және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкін.
42. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады. Отырыстар өткізудің өзге де мәселелері Қоғамдық кеңестің шешімімен айқындалады.
43. Қоғамдық кеңестер өз қызметін жүзеге асыру кезінде бір-бірімен теңдік және әріптестік шарттарында өзара іс-қимыл жасайды.
44. Қоғамдық кеңестердің мүшелері өз өкілеттіктері шегінде кеңесші дауыс беру құқығымен өзге де қоғамдық кеңестердің қызметіне қатыса алады, ал бұдан басқа, жергілікті деңгейде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың Қоғамдық кеңесінің төрағасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Қоғамдық кеңесінің құрамына кіруге құқылы.       
45. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған тиісті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
46. Қоғамдық кеңес халықты:
 1) азаматтық қоғаммен және мемлекеттік органдармен өзінің іс-қимыл жасау нәтижелері;
            2) Қоғамдық кеңестің құрамы, оның мүшелерін ротациялау;
            3) отырыстардың күн тәртібі;
            4) қабылданған шешімдер;
            5) қоғамдық маңызы бар басқа да мәселелер туралы ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау немесе интернет-ресурста орналастыру арқылы хабардар етеді.
11. Қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері
47. Қоғамдық кеңестердің өкілеттіктеріне мыналар:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының орындалуын талқылау;
3) атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;
4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау;
5) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;
6) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
7) қоғамдық бақылауды осы Заңда көзделген өзге де нысандарда жүзеге асыру;
8) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын оның бірінші отырысында талқылау аудандық мәслихаттың сессиясында енгізеді;
9) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру жатады.
48. Қоғамдық кеңес өкілеттіктердің орындалу қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес тиісті мемлекеттік органға ұсынымдар енгізеді, ол тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын уәжді жауапты бір ай ішінде, ал  бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлар бойынша он жұмыс күні ішінде береді.
12. Қоғамдық кеңестің қоғамдық бақылау саласындағы мақсаттары мен міндеттері
49. Қоғамдық кеңес қоғамдық бақылауды мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдау процесіне азаматтардың қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында жүзеге асырады.
50. Қоғамдық бақылаудың міндеттері:
1) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің тиімділігін, ашықтығын және айқындығын арттыру;
2) қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған азаматтық бастамаларды іске асыру;
3) азаматтардың мемлекет пен оның органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне сенім деңгейін арттыру, қоғам мен мемлекет арасында қайтымды байланысты қамтамасыз ету, әлеуметтік шиеленістердің алдын алу және оларды шешу;
4) халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне тарту.
13.Қоғамдық бақылау ұғымы, оның объектісі мен субъектісі
51. Қоғамдық бақылау субъектілерінің қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама және мемлекеттік орган жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау нысандарында жүзеге асырылатын, қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған қызметі қоғамдық бақылау деп түсініледі.
52. Жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының қызметі қоғамдық бақылау объектісі болып табылады.
53. Қоғамдық кеңестер, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің тапсырмасы бойынша коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар қоғамдық бақылау субъектісі болып табылады.
14. Қоғамдық бақылау нысандары
54. Қоғамдық бақылау субъектілері тарапынан мемлекеттік органдардың қызметін байқауды білдіретін қоғамдық бақылау рәсімі қоғамдық мониторинг болып табылады.
55. Қоғамдық кеңестер туралы Заңның 5-бабы 1-тармағының 1)5) және 6) тармақшаларында көзделген мәселелерді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қоғамдық маңызы бар шешімдерін олардың қоғамдық мүдделерге сәйкестігі мәселесі бойынша жария талқылау үшін жиналыс өткізу арқылы жүзеге асырылатын қоғамдық бақылау рәсімі қоғамдық тыңдау деп түсініледі.
56. Қоғамдық сараптама – азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау, сондай-ақ жеке тұлғалардың, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағымсыз факторларды болғызбау жөніндегі қоғамдық мүдделерді сақтау тұрғысынан зерттеу, талдау және бағалау үшін арнайы білімді және (немесе) тәжірибені қоғамдық бақылау субъектілерінің пайдалануына негізделген қоғамдық бақылау рәсімі.
57. Мемлекеттік орган жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау қоғамдық бақылау рәсімі болып табылады және Қоғамдық кеңестің отырысында Заңның 5-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында 
көзделген мәселелер бойынша мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды адамдары қызметінің нәтижелерін жария талқылауды білдіреді.
15. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру
58.Қоғамдық бақылау:
1.) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес қоғамдық бақылау;
59. объектісінің қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу;
1) Қоғамдық кеңес мүшелерінің және қоғамдық бақылау субъектілерінің мемлекеттік органның алқалы органдарының отырыстарына қатысуы;
2) мемлекеттік комиссиялардың құрамына қоғамдық кеңестердің мүшелері қосу;
3) азаматтардың жеке немесе ұжымдық өтініштерін беру;
4) сұрау салулар беру;
5) Қоғамдық кеңес айқындайтын, Қазақстан Республикасының  заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
16. Қоғамдық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
60. Қоғамдық мониторинг мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсетуі, мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды, стратегиялық жоспарларды және бюджеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану нәтижесінде азаматтар үшін жағымсыз салдарларды және қоғамдық мүдделерге қысым жасалуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
61. Қоғамдық мониторингті Қоғамдық кеңестің мүшелері, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің тапсырмасы бойынша коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар жүзеге асырады.
62. Қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде Қоғамдық кеңестің мүшелері мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша мониторингтің нысанасына жататын қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
63. Қоғамдық мониторингті жүзеге асырған адамдар оның нәтижелері бойынша қорытынды жасайды. Қоғамдық мониторинг қорытындысында:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесінде азаматтар үшін анықталған жағымсыз салдарлар туралы және қоғамдық мүдделерге қысым жасалғаны туралы ақпарат;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтарына қоғамдық мониторинг барысында анықталған себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдар;
3) бақыланатын объектілердің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар;
4) нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады.
64. Қоғамдық мониторинг қорытындысының негізінде Қоғамдық кеңес ұсынымдар қабылдайды және оларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдайды.
17. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
65. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады.
Қоғамдық кеңес қоғамдық тыңдауды Заңның 1-бабының 5 және 6-тармақтарында айқындалған жергілікті мемлекеттік басқару органымен келісілген мерзімдерде өткізеді.
66. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібінде:
1) қоғамдық тыңдауға қатысушыларды оның өткізілетін уақыты мен орны туралы бұқаралық ақпарат құралдары немесе жазбаша шақырулар арқылы, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын құлақтандыру;
2) қоғамдық тыңдауға шығарылатын нормативтік-құқықтық актілер мен шешімдердің жобаларымен, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын таныстыру;
3) қоғамдық тыңдауға қатысуды қамтамасыз ететін басқа да шаралар;
4) қабылданған шешімдерді уәждеп негіздеуді қоса алғанда, қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасын жариялау көзделуге тиіс.
67.  Қоғамдық тыңдау Қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамасы бойынша өткізіледі.
68. Қоғамдық тыңдауды өткізу барысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) қоғамдық тыңдау өткізілетін күні мен орны;
2) қатысушылардың саны;
3) қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
4) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны тіркеледі.
69. Қоғамдық тыңдау нәтижелері бойынша қорытынды хаттама қабылданады, оған қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысы қол қояды.
70. Қорытынды хаттама, егер оған Қоғамдық кеңестің қатысып отырған мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
71. Қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасында:
1) бақыланатын мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы туралы ақпарат;
2) қоғамдық тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар;
3) нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады.
72. Қоғамдық кеңестің төрағасы қорытынды хаттама негізінде қабылданған ұсынымдарды:
1) мемлекеттік органдарға, қоғамдық бақылау субъектілеріне;
2) зерделеу және шаралар қолдану үшін мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға;
3) бұқаралық ақпарат құралдарына жібереді.
18. Қоғамдық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
73. Қоғамдық сараптаманы Қоғамдық кеңес өз отырысында қабылдаған тапсырмасы бойынша қоғамдық бірлестіктер құратын сараптама комиссиялары жүзеге асырады.
Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау, сондай-ақ жеке тұлғалардың, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағымсыз факторларды болғызбау тұрғысынан мемлекеттік органдардың қабылданатын шешімдерінің жобалары қоғамдық сараптама объектілері болып табылады.
74. Қоғамдық кеңеске тиісті өтінішхат жіберетін жеке тұлғалар және (немесе) қоғамдық бірлестіктер қоғамдық сараптаманың бастамашылары бола алады.
75. Қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу ерекшеліктері, оны тіркеу тәртібі, қорытындының мазмұны Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленеді.
76. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қоғамдық сараптаманың өзге де субъектілері, оны ұйымдастыру мен жүргізудің негіздері және тәртібі айқындалуы мүмкін.
19. Жұмыс нәтижелері туралы есептерді тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
77. Жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органның бірінші басшысының баяндамасын және Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамасын, ал аумақтарда әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің баяндамасын және мәслихат хатшысының, Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамаларын қамтиды.
78. Жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау барысында хаттама жүргізіледі, онда:
  1. есепті тыңдау күні мен орны;
  2. қатысушылардың саны;
3) сөз сөйлеген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
4) күн тәртібі, есептің және сөйлеген сөздердің мазмұны қамтылады.
79.Есепті тыңдау нәтижелері бойынша қарар қабылданады, онда:
1) бақыланатын органдар мен олардың лауазымды адамдарының қызметін олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бағалау;
2) есепті тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар;
3) мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылуға тиіс.
80. Егер отырысқа қатысып отырған қатысушылардың жартысынан астамы есеп үшін дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледі.

 

Документы: 
ТіркемеКөлем
PDF icon Қоғамдық кеңестің ережесі7.28 MB
ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
17.01.2017-12:00:00
ЖАҢАРТЫЛҒАНЫ: 
25.04.2018-12:00:00