«ЕМХАНАҒА ТІРКЕЛ ДЕ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗ МӘРТЕБЕҢДІ АНЫҚТА!»

 

«ЕМХАНАҒА ТІРКЕЛ ДЕ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗ МӘРТЕБЕҢДІ АНЫҚТА!»
 

Медициналық сақтандыруды енгізу мәселелерін түсіндіру жұмыстары туралы

Бүгін Қазақстанның барлық өңірлерінде республиканың медициналық қызметкерлері арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай - МӘМС) жүйесінің негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша кең көлемді акция басталды. Құрамында денсаулық сақтау жүйесінің алдыңғы қатарлы мамандары мен ҚР ДСӘДМ медициналық қызметке ақы төлеу комитеті аймақтық департаменттерінің басшылары бар арнаулы мобильдік топтар кездесулер мен семинарлар өткізіп, МӘМС-ті енгізуге байланысты барлық сұрақтарға жауап беретін болады.

Медициналық қызметкерлермен кездесу – ҚР ДСӘДМ-нің биыл өткізетін кең көлемді ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының алғашқы кезеңі болмақ. Әрі қарай МӘМС жүйесінің қағидалары, медициналық сақтандыруды енгізу кезеңдері мен оның ұтымды жақтары туралы тұрғындар мен жұмыс берушілерге түсіндіретін болады.

Қазақстанда үздік халықаралық тәжірибені есепке ала отырып мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамның ынтымақты жауапкершілігінің негізінде әзірленген медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары басталады. Сонымен қатар, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады.

Мемлекет азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен (әрі қарай - ТМККК) әрі қарай қамсыздандыруын жалғастырады. Олардың қатарына әлеуметтік мәні бар аурулар, шұғыл жағдайлар, жедел медициналық көмек, санитарлық авиация мен вакциналау кіреді.

Азаматтардың денсаулығын қорғаудың жалпыға бірдей құқығын қамтамасыз ету мақсатында сақтандырылмаған азаматтарға 2020 жылға дейін ТМККК аясында амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады.

МӘМС аясында сақтандырылған азаматтарға жоғарғы технологиялық медициналық қызметтер, стационарды алмастыратын технологиялар, ұзақ мерзімді мейіргерлік күтім, амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, егер азаматтар ерікті сақтандыруға қатысатын болса, МӘМС жүйесінде қарастырылмаған медициналық көмек ала алады. Ол жеке сақтандыру компанияларымен бекітілген келісім шарт негізіне жүзеге асырылады.

Сарапшылардың болжамы бойынша МӘМС-ті енгізгеннен соң еліміздегі медициналық көмек көрсетудің деңгейі айтарлықтай өсетіні, сондай-ақ, дәрігерлердің жалақысын арттыру мүмкіндігі пайда болады. Ауруханалар жоғарғы санатты жабдықтар мен қымбат дәрі-дәрмектер ала алатын болады. МӘМС адамға тексеруден өтуіне, қажет болған жағдайда өз қаржысын жұмсамай ем алуына мүмкіндік береді.

Сіздің әлеуметтік мәртебеңіз анықталмаған жағдайда не істеу керек:

Сіз өз мәртебеңіздің қамын ойлауыңыз қажет!

I. Егер Сіз өзіңізді жұмыссызбын деп есептейтін болсаңыз және жұмыссыз ретінде есепке тұруды қаласаңыз, онда Сіз халықты жұмыспен қамту орталығына, ХҚО-на немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша ауылдық округтің әкіміне жүгінуіңіз қажет.

II. Егер Сіз экономиканың бейресми секторында (жеке жүк тасу, құрылыс бизнесі, қызмет түрлерін көрсету, сауда және т.с.с.) еңбек етсеңіз, онда Сіз ЖК ретінде тіркелуіңіз керек, Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша салық органына жүгінуіңіз керек, немесе өнімсіз өзін өзі жұмыспен қамтыған тұлға ретінде тіркелуіңіз керек немесе Сіз халықты жұмыспен қамту орталығына, ХҚО-на немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша ауылдық округтің әкіміне жүгінуіңіз қажет.

Сіздің әлеуметтік мәртебеңіз МӘМС жүйесінде ары қарай жарналар мен аударымдарды белгілеу үшін және одан ары – медициналық көмек алу үшін анықталуы тиіс!



 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
07.04.2017 - 11:32:03
ЖАҢАРТЫЛҒАНЫ: 
25.04.2018 - 11:32:03