ЖАНУАРЛАР МЕН АДАМДАРҒА ОРТАҚ АУРУЛАРДЫҢ ТІЗІМІ


ЖАНУАРЛАР МЕН АДАМДАРҒА ОРТАҚ АУРУЛАРДЫҢ ТІЗІМІ
 

Конго-қырым геморрагиялық қызбасы

Конго-қырым геморрагиялық қызбасы - өте қауіпті вирусты ауру.  Бұл ауру көбінесе көктемгі, жазғы маусымдарда жиі кездеседі. Ауруды тудырушы – кене. Кене жануарлардың терісіне еніп алып, қанын сору арқылы ауру таратады. Кенені қолмен ұстауға, оны езуге болмайды, әсіресе қой қырқымы кезінде сақ болған жөн. Арнайы сақтық киімдерін киген дұрыс (қолғап, киім т.б.).

Конго-қырым қанды қызбасының белгілері:

  • Дене қызуы 40 градусқа көтеріледі;
  • Басы қатты ауырып, буындары сырқырайды;
  • Жүрек айну, құсу, асқа тәбеттің болмауы;
  • Аурудың 2-5-ші күндері науқастың аузынан, мұрнынан, асқазанынан, ішегінен, әйелдерде жатырдан қан кетеді.

Алдын алу шаралары:

  • Қырқым кезінде арнайы киім кию;
  • Қора тазалағанда, табиғатта демалғанда киімді шешіп, мұқият тазалау керек;
  • Кенені жабысқан жерден қысқыш арқылы алу керек;
  • Кене шаққан жерді спиртпен сүрту керек;
  • Мал қораларды залалсыздандырып тұру керек;
  • Кене шаққан жағдайда тез арада дәрігерге көрініңіз.

Есіңізде болсын!

Кенені еш уақытта қолмен езбеңіз! Кене шаққан жағдайда дер кезінде дәрігерге көрініңіз!




You are here

БАСТЫ БЕТ

ЖАНУАРЛАР МЕН АДАМДАРҒА ОРТАҚ АУРУЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

Print

ЖАНУАРЛАР МЕН АДАМДАРҒА ОРТАҚ АУРУЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

-AA+A

 

Конго-қырым геморрагиялық қызбасы

Конго-қырым геморрагиялық қызбасы - өте қауіпті вирусты ауру.  Бұл ауру көбінесе көктемгі, жазғы маусымдарда жиі кездеседі. Ауруды тудырушы – кене. Кене жануарлардың терісіне еніп алып, қанын сору арқылы ауру таратады. Кенені қолмен ұстауға, оны езуге болмайды, әсіресе қой қырқымы кезінде сақ болған жөн. Арнайы сақтық киімдерін киген дұрыс (қолғап, киім т.б.).

Конго-қырым қанды қызбасының белгілері:

  • Дене қызуы 40 градусқа көтеріледі;
  • Басы қатты ауырып, буындары сырқырайды;
  • Жүрек айну, құсу, асқа тәбеттің болмауы;
  • Аурудың 2-5-ші күндері науқастың аузынан, мұрнынан, асқазанынан, ішегінен, әйелдерде жатырдан қан кетеді.

Алдын алу шаралары:

  • Қырқым кезінде арнайы киім кию;
  • Қора тазалағанда, табиғатта демалғанда киімді шешіп, мұқият тазалау керек;
  • Кенені жабысқан жерден қысқыш арқылы алу керек;
  • Кене шаққан жерді спиртпен сүрту керек;
  • Мал қораларды залалсыздандырып тұру керек;
  • Кене шаққан жағдайда тез арада дәрігерге көрініңіз.

Есіңізде болсын!

Кенені еш уақытта қолмен езбеңіз! Кене шаққан жағдайда дер кезінде дәрігерге көрініңіз!




Cібір жарасы (Түйнеме, күйдіргі) – зоонозды, аса қауіпті, қоздырғышы жанасу механизмі арқылы берілетін, тері қабатының карбункул тәрізді зақымдалуымен, қызба және интоксикациясымен, кейде сепсис дамуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Бұл аурудың қоздырғышы – микроб, «сібір жарасының таяқшасынан» шыққан. Ол ауру малдың қанында, зақымдалған барлық мүшелер мен тіндерде және ауру малдың қабықшамен қапталған спора түзеді, қайнатқанда 10 минутқа дейін шыдайды, қыста аяздан, жазда ыстықтан өлмейді.

Спора сиырдың, қойдың, жылқының, шошқаның, түйенің, есектің ағзасына түсіп, сібір жарасының таяқшасын түзеді, содан кейін көбейіп, қан арқылы тарап, 1-3 күннен кейін ауру тудырады. Бұл ауру жануарларда әдетте ауыр түрде өтеді және көбіне ішектің бұзылысмен басталады. Ішектің кебуі, қызудың көтерілуі байқалады. Зәр мен сүтте қан көрінеді. Екінші-үшінші күні мал өледі. Түйнеменің таралуына үй жануарлары арасында қансорғыш буынаяқтылар да себепші болады, бұлар – шыбын, масалар. Адамнаң ауруға шалдығыуы көбіне ауру немесе өлген малмен жанасқанда, күтім жасағанда, сойғанда, терісін алғанда, көмгенде болады. Сонымен қатар ауру малдан алынған азық –түліктен жұқтыруы мүмкін.

Алдын алу шаралары.

Адамдар мен жануарлар арасында жыл сайын ауруға қарсы егу жүргізу. Дертке қарсы вакцина қолайсыз пунктердегі жануарлар мен ет комбинаттарында, мал шаруашылығында тұрақты жұмыс істейтіндерге, тері, жүн өңдеуге, тасымалдауға, сақтауға, сұрыптауға, илеуге қатысатын адамдарға егіледі.

Егілген жануарларды бақылауға алған уақыт ішінде басқа шаруашылықтарға ауыстыруға немесе егілгеннен кейін 14 күн ішінде союға болмайды.

Адам ағзасының сібір жарасына төтеп бере алу қасиеті егуден кейін 12-14 күнде пайда болады да, 12 айға жуық сақталады. Егілген адамдар жұмысқа 2 аптадан соң ғана жіберіледі және жыл сайын екпе алып отырулары қажет.

Екпе жүргізу ең тиімді әдіс болғандықтан, жануарлардың барлдығын қамтығу тырысқан жөн. Бүгінде егу жұмыстары жануарларды жоспарлы тексеруден өткізу кезінде ветеринарлық мекемелерде тегін жүргізіледі. Сібір жарасына қарсы вакцина егілгеннен кейін  14 күн ішінде жануар өліп қалса, тез арада ветеринарлық мамандарға хабар беру керек, малдың терісін сыдыруға болмайды және өлексені аң-құстардың тасуына жол берілмеу керек. Себебі, мұның салдарынан жаңа ошақтар пайда болуы мүмкін.

Құрметті шаруашылық иелері, ҚР «Ветеринария туралы» заңына сәйкес, мал ауырған немесе өлген әрбір жағдайда шұғыл арада ветеринарға хабарлауыңыз керек. Егер жануар аурудан өліп қалса, ветеринар келгенше өздігіңізден оны союға кіріспеңіз. Ауру малды жасырын сойып, етін, терісін, жүнін және тағы да басқа өнімдерін саудалау-адамдар мен жануарлардың дертке шалдығуына әкеледі.

Ауладағы ауылшаруашылық малдарын ұстау ережелерін мұқият сақтаңыздар. Аурудың алғашқы белгілері байқала қалса дәрігерге қаралыңыз, дер кезінде басталған ем өміріңізді сақтап қалатындығын естен шығармаңыз!

    Аурудан сақ болыңыз!



 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
22.11.2016 - 11:32:03
ЖАҢАРТЫЛҒАНЫ: 
25.04.2018 - 12:59:09