«Максимум» АИО диқандарға зор мүмкіндік беруде!!!


«Максимум» АИО диқандарға зор мүмкіндік беруде!!!

2017 жылғы көктемгі егін егу жұмыстарына бөлінетін пайыздық мөлшерлемесі төмен несиеге кез-келген шаруа қол жеткізе алады. Үстіміздегі жылдың басынан бастап гектарына берілетін субсидияның тоқтатылғанына байланысты диқандарға жеңілдетілген несие беру жүйесі жолға қойылып, пилоттық жоба жүзеге асырылған болатын. Дегенмен, қаржыландыру кезеңі кеш басталғандықтан, бірқатар ақаулықтарға жол қойылды.

Ендігі кезекте, Максимум» АИО және «Ырыс» МҚҰ аталмыш кемшіліктердің алдын алу және диқандардың қаржыны дер кезінде алып, орынды әрі тиімді пайдалануларын қамтамасыз ету мақсатында, ағымдағы жылдың қыркүйек айынан 2017 жылғы көктемгі егін егу жұмыстарына несие алушылардың құжаттарын қабылдауды бастады. Құжаттар ешқандай комиссиялық шығындарсыз мүмкіндігінше ең қысқа мерзімде қаралады. Мақұлданса, келер жылы ақша бөлінісімен құжаты дайын азаматтарға бірден таратылу жоспарлануда.

Қаржыландырудың басты шарттары:

  • Негізгі қарызды және несие бойынша пайыздарды өтеу - мерзім соңында;
  • Несиені мерзімінен бұрын қайтару – мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтарылған несие үшін айыппұл есептелмейді.

Егін егу-жинау жұмыстарына бөлінетін қаражат жеке тұлғалар, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғаларға басым бағытқа ие барлық дақыл түрлері үшін беріледі. Несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі 9%-ды құрайды.

Қаржыландыру 2 түрде жүзеге асырылады:

  • 2 транштық несие желісі;
  • бірмезеттік несие;

Кепілдікке жер телімін немесе басқа қосымша кепіл затын ұсынуға болады.

Қазіргі таңда қаржы орталығы тарапынан 2017 жылғы дала жұмыстарын қаржыландыру бойынша бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, қаржыландыруды жедел жүзеге асыру үшін ОҚО аудандарында суб-офистар құрылды. Сондай-ақ көктемгі егін егу жұмыстарын қаржыландыру ең басым бағыт ретінде қаралып, аталмыш бағыт бойынша келіп түсетін өтінімдерді қарастыру мерзімі мүмкіндігінше қысқартылды.

Облыс тұрғындарына және шаруаларға қаржыландыру шарттарын түсіндіру бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, қыркүйек және қазан айларында арнайы жұмысшы топ құрылып, барлық қала, аудан орталықтары және ауылдық округтерде жиыналыстар өткізіп, жиын кезінде несие алуға ниет білдіргендердің құжаттарын қабылдау да жоспарлануда. Барлық диқандар өз қалаларында, аудандарында немесе ауылдарында өтетін жиналысқа келіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын талқылау және құжаттарын тапсыру  мүмкіндігіне ие. Жиналыстың өтетін жері және мерзімі туралы ақпарат алу үшін барлық аудан/қала әкімдіктерімен байланысуға болады.

Тағы да айта кетейік, жеңілдетілген несиеге кез-келген шаруа қол жеткізе алады.

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
04.10.2017-12:00:00
ЖАҢАРТЫЛҒАНЫ: 
25.04.2018-12:00:00