ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


Арыс қаласының  2016 жылғы бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау бойынша есептілік нысанына

ТҮСІНДІРМЕ  ЖАЗБА

1. «Бюджетті атқару және жоспарлау деңгейі»   критерийі бойынша:

1.1. Тиісті қаржы жылына бөлінген қаражатты игеру бойынша   2 мемлекеттік органда 11 даму бағдарламаларына жоспардағы 1899184,0 мың теңгенің 1899178,6 мың теңгесі игеріліп, 100 пайызды құрады. Игерілмеген қаржы көлемі мемлекеттік сатып алу бойынша үнемделгендіктен  5,4 мың теңге.

1.3. Шығыстардың бекітілген көлеміне бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қайта бөлінген қаражатының көлемі  даму бағдарламасы бойынша жергілікті бюджетте 169836,0 мың теңге бекітілген, шығыстардың бекітілген көлеміне бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қайта бөлінген қаражат көлемі 93718,0  мың теңге болған,  яғни бекітілген бюджеттің  56,0 %-ды  құрады. 2015 жылы бұл көрсеткіш 63,6 % -ды құраған болатын.

2016 жылы атап көрсеткенде:

Арыс қалалық мәслихатының 11.03.2016 ж. № 53/319-V шешімімен   458-028-015 «Коммуналдық шаруашылығын дамыту» бюджеттік  бағдарламасының  «Арыс қаласы Наурыз тұрғын ауданын  электр энергиясымен қамтамасыз ету құрылысына ЖСҚ-дайындау және мемлекеттік сараптамадан қорытынды алу» бойынша 5441,0 мың теңге, «Арыс қаласы Оңтүстік тұрғын ауданын  электр энергиясымен қамтамасыз ету құрылысына ЖСҚ-дайындау және мемлекеттік сараптамадан қорытынды алу» бойынша 4704,0 мың теңге қысқартылып, 458-028-015 «Коммуналдық шаруашылығын дамыту» бюджеттік  бағдарламасының  Ақдала  елді-мекенін жаңадан салынған көшелеріне  электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ-дайындау және мемлекеттік сараптамадан қорытынды алуға 4350,0 мың теңге, Саналы  елді-мекенінің Нұрлы көшесін электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ-дайындау және мемлекеттік сараптамадан қорытынды алуға 2150,0 мың теңге, Арыс қаласының "Тараз" тұрғын ауданын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ-сын әзірлеуге және мемсараптамадан қорытынды алуға 3645,0 мың теңге берілді.

Арыс қалалық мәслихатының 20.06.2016 ж. № 3/12-VІ шешімімен  458-022-015 «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік  бағдарламасының Арыс қаласы, ОҚО, Арыс қаласы, Стадион шағын ауданындағы Қабылсай сайынан өтетін жая жүргіншілер көпірінің құрылысынан  3284,0 мың теңге,  458-028-015 «Коммуналдық шаруашылығын дамыту» бюджеттік  бағдарламасының  Арыс қаласы «Отырар» мөлтек ауданын  электр қуатымен қамтамасыз ету құрылысынан  567,0 мың теңге, 458-029-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бюджеттік бағдарламасының  ОҚО, Арыс қаласы, Қожатоғай ауылында ұңғыманы орнату және су өткізгіштер тораптарының құрылысынан 2542,0 мың теңге, ОҚО Арыс қаласы Көкжиде елді мекеніндегі су құбырларының құрылысының ЖСҚ  дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу бойынша 3000,0 мың теңге, ОҚО Арыс қаласы Аққала елді мекеніндегі су құбырларының құрылысының ЖСҚ  дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу бойынша 3000,0 мың теңге, ОҚО Арыс қаласы Шаян елді мекеніндегі су құбырларының құрылысының ЖСҚ  дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу бойынша 3000,0 мың теңге, 458-058-015 «Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бюджеттік бағдарламасының ОҚО, Арыс қаласы, Қожатоғай ауылдық округіне қарасты Байтоғай  елді-мекенін ауыз су жүйелерін жүргізу үшін жасалынған ЖСҚ дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу бойынша 801,0 мың теңге,  467-003-015 «Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және (немесе) сатып алу» бюджеттік бағдарламасының Арыс қаласы "Көктем-2" шағын ауданындағы 36 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына  ЖСҚ дайындауға бөлінген 100,0 мың теңге, 467-024-015 «Білім беру обьектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасының  ОҚО, Арыс қаласы, Монтайтас ауылы, Қабылсай елді мекеніндегі 150 орындық орта мектеп құрылысынан 3570,0 мың теңге, ОҚО, Арыс қаласы, Дермене ауыл округі, Қаражантақ елді мекеніндегі 120 орындық Б.Кенжебаев атындағы орта мектептің құрылысынан 2459,0 мың теңге, 467-037-015 «Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту объектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасының  ОҚО Арыс қаласы Дермене ауылындағы  75  орындық  балабақша  құрылысынан 192,0 мың теңге, 467-040-000 «Мемлекеттік органдардың обьектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасының  ОҚО, Арыс қаласы, Жиделі ауыл округі, Жиделі ауылында әкімшілік ғимаратының құрылысының ЖСҚ дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу бойынша 18,0 мың теңге, ОҚО, Арыс қаласы, Монтайтас  ауыл округі, Монтайтас ауылында әкімшілік ғимаратының құрылысының ЖСҚ дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу бойынша 16,0 мың теңге, ОҚО, Арыс қаласы, Дермене  ауыл округі, Дермене ауылында әкімшілік ғимаратының құрылысының ЖСҚ дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу бойынша 16,0 мың теңге қысқартылып, 458-058-015 «Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бюджеттік бағдарламасының ОҚО, Арыс қаласы, Қожатоғай ауылдық округі,  Сырдария елді мекенінің ауыз су жүйелерінің құрылысына 21189,0 мың теңге, 1376,0 мың теңге мектептердің жалақыларына берілді.

 Арыс қалалық мәслихатының 28.11.2016 ж. № 7/46-VІ шешімімен  458-022-015 «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік  бағдарламасының ОҚО, Арыс қаласы, Дермене ауылдық округі, Шаян елді-мекеніндегі Бөген өзенінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысының ЖСҚ дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу бойынша 831,0 мың теңге, 458-028-015 «Коммуналдық шаруашылығын дамыту» бюджеттік  бағдарламасының  Ақдала  елді-мекенін жаңадан салынған көшелеріне  электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ-дайындау және мемлекеттік сараптамадан қорытынды алуға 4350,0 мың теңге, Саналы  елді-мекенінің Нұрлы көшесін электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ-дайындау және мемлекеттік сараптамадан қорытынды алуға 2150,0 мың теңге, Сырдария  елді-мекенінің Шпеков  көшесін электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ-дайындау және мемлекеттік сараптамадан қорытынды алуға 2150,0 мың теңге,  Арыс қаласының "Тараз" тұрғын ауданын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ-сын әзірлеуге және мемсараптамадан қорытынды алуға 5092,0 мың теңге, 458-029-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бюджеттік бағдарламасының  ОҚО, Арыс қаласы, Қожатоғай ауылында ұңғыманы орнату және су өткізгіштер тораптарының құрылысынан 17344,0 мың теңге,  458-058-015 «Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бюджеттік бағдарламасының ОҚО, Арыс қаласы, Қожатоғай ауылдық округі,  Сырдария елді мекенінің ауыз су жүйелерінің құрылысынан 2080,0 мың теңге, ОҚО, Арыс қаласы, Қожатоғай ауылдық округіне қарасты Шөгірлі елді-мекенін ауыз су жүйелерін жүргізу үшін ЖСҚ дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізуден 4454,0 мың теңге, ОҚО, Арыс қаласы, Ақдала ауылдық округіне қарасты П.Арапов елді-мекенін ауыз су жүйелерін жүргізу үшін ЖСҚ дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізуден 4698,0 мың теңге, ОҚО, Арыс қаласы, Ақдала ауылын сумен қамтамасыз ету құрылысының  ЖСҚ дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізуден 1997,0 мың теңге, ОҚО, Арыс қаласы, Қожатоғай ауылдық округіне қарасты Байтоғай  елді-мекенін ауыз су жүйелерін жүргізу үшін жасалынған ЖСҚ дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізуден 2820,0 мың теңге, ОҚО, Арыс қаласының 2 қабатты көппәтерлі тұрғын үйлерге жаңадан кәріз жүйелерін жүргізу үшін ЖСҚ  дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізуден 4349,0 мың теңге, 467-003-015 «Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және (немесе) сатып алу» бюджеттік бағдарламасының Арыс қаласы "Көктем-2" шағын ауданындағы 36 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына  ЖСҚ дайындауға бөлінген 2661,0 мың теңге, 467-004-015 «Инжернерлік- коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу» бюджеттік бағдарламасының ОҚО Арыс қаласы "Оңтүстік" "Наурыз","Отырар"елдімекендеріндегі инфрақұрылым құрылысынан 3000,0 мың теңге,   467-007-015 «Қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамыту» бюджеттік бағдарламасының ОҚО, Арыс қаласы, Арыс-Шымкент тас жолы бойындағы саябақ құрылысынан 419,0 мың теңге, 467-010-000 «Ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасының ОҚО, Арыс қаласы, Монтайтас ауылдық округіне қарасты Монтайтас аулындағы Беккари шұңқырдың құрылысына ЖСҚ дайындауға бөлінген 1164,0 мың теңге,  467-024-015 «Білім беру обьектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасының  ОҚО, Арыс қаласы, Монтайтас ауылы, Қабылсай елді мекеніндегі 150 орындық орта мектеп құрылысынан 45,0 мың теңге,   467-040-000 «Мемлекеттік органдардың обьектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасының  ОҚО, Арыс қаласы, Жиделі ауыл округі, Жиделі ауылында әкімшілік ғимаратының құрылысының ЖСҚ дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу бойынша 483,0 мың теңге, ОҚО, Арыс қаласы, Монтайтас  ауыл округі, Монтайтас ауылында әкімшілік ғимаратының құрылысының ЖСҚ дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу бойынша 434,0 мың теңге, ОҚО, Арыс қаласы, Дермене  ауыл округі, Дермене ауылында әкімшілік ғимаратының құрылысының ЖСҚ дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу бойынша 484,0 мың теңге кірістердің толық түспеуіне байланысты қысқартылды.

1.4.Бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнын ұлғайту  фактілері бойынша жобаның сметалық құнының ұлғаю фактісі орын алмаған. 

1.5. Дебиторлық және кредиторлық берешектер бойынша 2016 жылы дебиторлық және кредиторлық берешек орын алған жоқ.        

2. «Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы» критерийі  бойынша  2016 жылы 2 рет тексеру болған.

2.1. 2016 жылы 467-ші бюджеттік бағдарлама әкімшісі Арыс қаласының «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ОҚО бойынша тексеру комиссиясы тарапынан 1 рет тексеру жүргізіп, 467-007-015 «Қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2016 жылға 188566,0 мың теңге, 467-024-015 «Білім беру обьектілерін салу және реконструкциялау»  бюджеттік бағдарламасы бойынша 2016 жылға  913922,0  мың теңге, 467-037-015 «Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту объектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2016 жылға 32108,0 мың теңге, 467-040-000 «Мемлекеттік органдардың обьектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2016 жылға 6000,0 мың теңге қамтылған.  Тексеру қорытындылары бойынша кемшіліктер анықталмаған.

2016 жылы 458-ші бюджеттік бағдарлама әкімшісі Арыс қаласының «Тұрғын –үй коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекетік мекемесіне ОҚО бойынша тексеру комиссиясы тарапынан 1 рет тексеру жүргізіліп,  458-022-015 «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік  бағдарламасы бойынша 2016 жылға 36616,0 мың теңге қамтылып, бұзушылықтар анықталмаған.

2.2 Мемлекеттік органдар шығыстарының жалпы көлемінде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тиімділік принципіне жауап бермейтін шығыстар – жоқ.

2.3 Мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік қаржылық бақылау органдары растаған шағымдардың болмауы/болуы

Мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік қаржылық бақылау органдары растаған шағымдар болған емес.

3. «Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары енгізген  нұсқамалар мен қаулыларды орындау бойынша қабылданған (іске асырылған) шаралар» критерийі

3.1 Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген нұсқамалар мен қаулыларға сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасына шаққанда белгiленген мерзiмде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемi (сот істеріне байланысты орнын толтыруға жататын сомаларды қоспағанда)  - жоқ.

3.2 Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген нұсқамалар мен қаулыларға сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алуда көрсету жолымен бюджетке қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасына қарағандағы белгiленген мерзiмде қалпына келтiрiлген бұзушылықтар сомасының көлемi – жоқ.

4.«Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу» критерийі

4.1 Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу – 100 %-ды құрады.

2016 жылы 11 бюджеттік бағдарлама толық орындалды.

2016 жылы барлық құрылыс нысандары  10 болды. Оның  8 нысаны пайдалануға берілсе, қалған 2 нысаны келесі жылға өтпелі.

Құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып іске қосылған нысандар

458-022-015 «Көлік инфрақұрылымын дамыту»  бюджеттік бағдарламасынан 1 нысан (  Арыс қаласы, Стадион шағын ауданындағы Қабылсай сайынан өтетін жаяу жүргіншілер  көпірінің құрылысы)    құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.

458-058-015 «Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бюджеттік бағдарламасынан 1 нысан (Арыс қаласы, Қожатоғай ауылдық округі,  Сырдария елді мекенінің ауыз су жүйелерінің құрылысы) құрылысы аяқталып, пайдалауға берілді.

467-007-015 «Қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамыту» бюджеттік бағдарламасынан 1 нысан (Арыс қаласы, Арыс-Шымкент тас жолы бойындағы саябақ құрылысы) құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.

467-024-015 «Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» бағдарламасынан 4 мектеп (Арыс қаласы, Монтайтас ауыл округі Шағыр елді мекеніндегі 200 оқушыға арналған А.Тілеубердин атындағы орта мектеп құрылысы, Арыс қаласы, Шоғырлы ауылында  Макаренко атындағы 150 орындық орта мектеп құрылысы,  Арыс қаласы, Монтайтас ауылы, Қабылсай елді мекеніндегі 150 орындық орта мектеп құрылысы, Арыс қаласы, Дермене ауыл округі, Қаражантақ елді мекеніндегі 120 орындық Б.Кенжебаев атындағы орта мектеп  құрылысы)  құрылыстары  аяқталып пайдалануға берілді.

467-037-015 «Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту объектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасынан 1 нысан (Арыс қаласы Дермене ауылындағы  75  орындық  балабақша  құрылысы) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

2 нысан 2017 жылға өтпелі, олар:

458-028-015 «Коммуналдық шаруашылығын дамыту» бюджеттік  бағдарламасынан 1 нысан  (Арыс қаласы "Отырар" мөлтек ауданын  электр қуатымен қамтамасыз ету құрылысы) құрылысы 2017 жылға өтпелі.

458-029-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бюджеттік бағдарламасынан 1 нысан (Арыс қаласы, Қожатоғай ауылында ұңғыманы орнату және су өткізгіштер тораптарының құрылысы) құрылысы 2017 жылға өтпелі.

ЖСҚ-ды әзірлеу бойынша 2016 жылы 19  ЖСҚ-ны дайындауға қаржы бағытталды. Оның 7-і біткен, 12-сі 2017 жылға өтпелі.

Біткен ЖСҚ-лар:

467-003-015 "Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы және (немесе) сатып алу" бағдарламасынан 2 ЖСҚ (ОҚО Арыс қаласы "Көктем-2" шағын ауданындағы  36 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы ЖСҚ-жобаны байлау) дайын.

467-024-015 «Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» бағдарламасынан  2  ЖСҚ ("Жас натуралистер, техниктер, туристер станциясы" МҚКК-ны ғимараты құрылысының ЖСҚ дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу, М.Маметова мектебінің спортзалы құрылысының ЖСҚ дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу) дайын.

467-040-000 «Мемлекеттік органдардың обьектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасынан 3 ЖСҚ (Арыс қаласы, Жиделі ауыл округі, Жиделі ауылында әкімшілік ғимаратының құрылысының ЖСҚ дайындау және мемлекеттік сараптама-дан өткізу, Арыс қаласы, Монтайтас ауыл округі, Монтайтас ауылында әкімшілік ғимаратының құрылысының ЖСҚ дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу, Арыс қаласы, Дермене ауыл округі, Дермене ауылында әкімшілік ғимаратының құрылысының ЖСҚ дайындау және мемлекеттік сараптама-дан өткізу) дайын.

12 ЖСҚ  2017 жылға өтпелі, олар:

458-022-015 «Көлік инфрақұрылымын дамыту»  бюджеттік бағдарламасынан 1 ЖСҚ (Арыс қаласы, Дермене ауылдық округі, Шаян елді-мекеніндегі Бөген өзенінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысының ЖСҚ дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу) 2017 жылға өтпелі.

458-028-015 «Коммуналдық шаруашылығын дамыту» бюджеттік бағдарламасынан 2 ЖСҚ (Арыс қаласы Наурыз тұрғын ауданын  электр энергиясымен қамтамасыз ету құрылысына ЖСҚ-дайындау және мемлекеттік сараптамадан қорытынды алу, Арыс қаласы Оңтүстік тұрғын ауданын  электр энергиясымен қамтамасыз ету құрылысына ЖСҚ-дайындау және мемлекеттік сараптамадан қорытынды алу) 2017 жылға өтпелі.

458-036-015 «Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бюджеттік бағдарламасынан 1 ЖСҚ (Арыс қаласының ішкі орамдағы газ жүйесінің құрылысы 1-кезең) 2017 жылға өтпелі.

458-058-015 «Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бюджеттік бағдарламасынан 7 ЖСҚ(Арыс қаласы Көкжиде елді мекеніндегі су құбырларының құрылысының ЖСҚ  дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу, Арыс қаласы Аққала елді мекеніндегі су құбырларының құрылысының ЖСҚ  дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу, Арыс қаласы Шаян елді мекеніндегі су құбырларының құрылысының ЖСҚ  дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу, Арыс қаласы, Қожатоғай ауылдық округіне қарасты Шөгірлі елді-мекенін ауыз су жүйелерін жүргізу үшін ЖСҚ дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу, Арыс қаласы, Ақдала ауылдық округіне қарасты П.Арапов елді-мекенін ауыз су жүйелерін жүргізу үшін ЖСҚ дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу, Арыс қаласы, Ақдала ауылын сумен қамтамасыз ету құрылысының  ЖСҚ дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу, Арыс қаласы, Қожатоғай ауылдық округіне қарасты Байтоғай  елді-мекенін ауыз су жүйелерін жүргізу үшін жасалынған ЖСҚ дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу) 2017 жылға өтпелі.

467-010-00 «Ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасынан 1 ЖСҚ (Арыс қаласы, Монтайтас ауылдық округіне қарасты Монтайтас аулындағы Беккари шұңқырдың құрылысына ЖСҚ дайында)                 2017 жылға өтпелі.

Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелігінің көрсеткіштерін жоспарлау  бойынша мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламаларында бекітілген бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштері талданған.

4.2 Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелілігінің көрсеткіштерін жоспарлау сапасы

Қала бюджетінен қаржыланатын, яғни даму бюджетіне қатысты 2 мемлекеттік мекеменің бюджеттік бағдарламалары мен оның орындалу есептері бар. Бюджеттік бағдарламада мемлекеттік органның тиісті мақсаттары мен міндеттері сәйкес келеді және  нәтижелік көрсеткіштер бар.

5. «Бюджеттік бағдарламаларды орындаудың тиімділігі» критерийі бойынша – 100%.


 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
18.10.2017-12:00:00