Азаматтарды жер қатынастары саласындағы мәселелерді шешуде өз үлестерін қосуға шақырамыз


№ исх: 06-26-05/4844   от: 25.12.2017

Қосымша №1

Азаматтарды жер қатынастары саласындағы мәселелерді шешуде өз үлестерін қосуға шақырамыз

Ағымдағыжылдың 17 қарашасындаҚазақстанРеспубликасыныңМемлекеттікқызметістеріжәнесыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимылАгенттігінің ОҚОбойыншадепартаменті(әріқарай - Департамент) мен облысәкімдігіарасындамеморандумғақолқойылды.

Аталған меморандум аясындаДепартаментпен мемлекеттікқызметтеркөрсету мерзімдеріне қатыстыбұзушылықтаркөпкездесетінжерқатынастарысаласындасыбайласжемқорлықтәуекелдерінесыртқыталдаужүргізілуде.

Аталған сыртқы талдауды кешенді, әрі жан-жақты жүргізу мақсатында Департаментпен арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына Департамент пен облыс әкімдігі қызметкерлерімен қатар, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, халыққа қызмет көрсету орталығы мен академиялық қауымдастық өкілдері енді. Талдау жер қатынастары басқармасының қызметкерлерімен бірлесе жүргізілетін болады.

Сыртқы талдаудың мақсаты – мемлекеттік қызметшілерді жауапқа тарту емес, жиі кездесетін бұзушылықтарды анықтап, оларды жою мен болашақта болдырмау бойынша жүйелі ұсыныстар әзірлеу. Бұл Мемлекет басшысының жолдауының  бесінші басымдығындағы сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту тапсырмасына сәйкес келеді.

Жер саласына қатысты сұрақтар кез-келген азаматта кездесетіндіктен, ұсыныстар мен пікірлерді арнайы әзірленген taldau2018@mail.ru поштасына 2018 жылдың қаңтар айының соңына дейін жолдауға болады.

Сонымен қатар, 8(7252) 51-51-51 сенім телефоны жұмыс істейді.

Азаматтардың пікірлері ұсынымдарды дайындау кезінде ескеріледі.


 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
28.12.2017-12:00:00