Конкурс туралы хабарландыру

 

                                Мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарында, жетім балалар мен ата
-аналарының қамқорлығынсыз қалған
 балаларға білім беру ұйымдарында
 тәрбиеленуші және білім алушы
балаларды тамақтандыруды қамтамасыз
етуге байланысты тауарларды сатып алу
 қағидаларына 4-қосымша
нысан
 
 
Конкурс туралы хабарландыру
Конкрусты ұйымдастырушы:
ОҚО білім  басқармасы «Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ.
Орналасқан жері:
Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы Әйтеке би көшесі №34 үй.
Байланыс телефоны:
8(72540) 21813
Электрндық  және почта мекен  жайы:
email: ttby1@mail.ru индекс: 160100
 
Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықытық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары.
 
Қызметі:
Арыс қаласындағы «Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» комуналдық мемелекеттік мекемелсінде қарасты жетім  балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 73 тәрбиеленуші баларды тамақтандыру қамтамасыз  етуге жалпы  соммасы ҚҚС – мен 14818000 (он төрт миллион сегіз жүз он сегіс мың) теңге 00-тиынды құрайтын Азық-түлік  өнімдерін  жеткізуі  тиіс.
Қызмет  көрсету  мерзімі 01.03.2018 жылдан 31.12.2018 жылға дейін.
Конрустық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін  барлық әлеуетті  өнім  берушілер конкурсқа  жіберіледі.
Конкрустық  құжаттама көшірмелерінің  топтамасын  2018 жылғы 22  қаңтар айынан  сағ. 10-00-ден 18-00  аралығы мен 2018   жылдың 13  ақпан  сағ.09-00  ден 15-00-ге дейінгі мерзімді қоса алғанда   мына мекен-жай  бойынша: ОҚО Арыс қаласы Әйтеке би №34  үйдің 2-ші қабаттағы  заңгер  кабинетіне  сағат  09-00-ден 18-00-ге дейін  және/немесе email: http://ontustik-aris.gov.kz/kk  интернет – ресурсына алуға болады.
Конвертке салынған конкурсқа қатысуға конкурстық  өтінімдерді әлеуетті  өнім  берушілер Арыс қаласындағы «Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» комуналдық мемелекеттік мекемелсіне мына мекен-жай  бойынша
ОҚО Арыс қаласы Әйтеке би көшесі  №34  үйдің 2-ші қабаттағы  заңгер кабинетіне жібереді.
(толық мекенжайы,  бөлменің № көрсету  керек) жібереді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер  берудің соңғы  мерзімі 13.02.2018 жыл сағат  15-00-ге  дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер  бар  конверттер  13.02.2018  жылдың  сағат  15-00-де мына  мекенжай бойынша ОҚО Арыс қаласы Әйтеке би көшесі  №34  үйдің 2-ші қабаттағы  заңгер  кабинетіне  ашылады.
Қосымша  ақпарат пен   анықтаманы  мына  телефон  арқылы алуға болады. +7(72540)2-18-13
 

Мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарында, жетім балалар мен
ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларға білім беру
ұйымдарында тәрбиеленуші және
білім алушы балаларды   
тамақтандыруды қамтамасыз етуге
байланысты тауарларды сатып алу
қағидаларына 2-қосымша 
                                                                                                                                             
                                                                                                                                                            Бекітемін
__________________
«Т.Тәжібаев атындағы отбасы
 үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-нің
директоры М.Суюндикова
22   қаңтар 2018жыл
 
Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар
мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім
алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге
байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі үлгілік
конкурстық құжаттама
 
Жетім балалармен ата-аналарының қамһқорлығынсыз  қалған балаларды
азық-түлік қамтамасыз  етуге  конкурс.
                          (конкурс атауын көрсету)
 
Конкрусты ұйымдастырушы:
ОҚО білім  басқармасы «Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ.
Орналасқан жері:
Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы Әйтеке би көшесі №34 үй.
БСН:001040002256
БИК:KKMFKZ2A ИИК:KZ42070102KSN5801000, РГУ «Комитет казначейства Министерства финансов РК»
Байланыс телефондар, Электрндық  және почта мекен  жайы:
8(72540) 21813.         email: ttby1@mail.ru индекс: 160100
                                    
                                                              1. Жалпы ережелер
      1. Конкурс тауарларды жеткізушіні таңдау мақсатында өткізіледі (тауардың атын көрсету қажет).
      2. Тауарды сатып алу жөніндегі осы конкурс (лот) үшін бөлінген сома  ҚҚС – мен 14818000 (он төрт миллион сегіз жүз он сегіс мың) теңгені  құрайды.
      3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды:
      1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесін;
      2) осы үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырманы;
      3) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 34-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;
      4) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтерді;
      5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес неғұрлым сапалы тауар ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурстық комиссия конкурс жеңімпазын айқындау кезінде есепке алатын тауарларды жеткізушіні таңдау өлшемшарттарды;
      6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар жеткізілімінің үлгілік шартын қамтиды.
      4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімімен қоса тауарларды сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің қамтамасыз етуін төменде аталған нысандардың біреуімен енгізеді:
      1) мынадай банк БИК:KKMFKZ2A ИИК:KZ560705022613631001,  РГУ «Комитет казначейства Министерства финансов РК»  орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасы (тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының банк шотының толық деректемелері көрсетілсін);
      2) банктік кепілдік.
      Қағидалардың 26-тармағына сәйкес әлеуетті өнім беруші немесе оның сенімхат бойынша өкілі құжаттар пакетін 2018 жылғы 22  қаңтар   сағ. 10-00-ден бастап  13  ақпан  2018   жылдың сағат. 15-00 мерзімге дейін конкурсты ұйымдастырушының «Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ  Арыс қаласы Әйтеке би көшесі №34 үйі  email: ttby1@mail.ru  мекенжайында орналасқан почталық мекенжайына жібереді немесе комиссияның хатшысына Н.Абдиев заңгер  кабинет  қолма-қол береді.
      Құжаттарды әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушыға тігілген, парақтары нөмірленген түзетусіз түрінде ұсынады. Өтінімнің соңғы парағына бірінші басшының қолы қойылады және мөрімен бекітіледі.
      Конкурсты ұйымдастырушы белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған құжаттар тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.
 

Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық
-құқықытық нысанында құрылған мектепке
 дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім
 балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған
 білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және
білім алушы балаларды  тамақтандыруды
 қамтамасыз етуге байланысты тауарларды
 сатып алу  жөніндегі үлгілік  конкурстық
құжаттамаға 2-қосымша нысан
 
 
Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықытық нысанында құрылған мектепке
дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған  білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды  тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу  жөніндегі үлгілік  конкурстық құжаттамаға  техникалық тапсырма.
 
Техникалық тапсырмада жеткізілетін  тауарларға  сәйкес  болыу  тиіс сатып  алынатын  тауарлардың толық  сипаты  және  талап  етілетін  функцоналдық,  техникалық  сапалық сипатамалары  беріледі, кепілдік   мерзімі  шығару орны көрсетіледі.
Тауарларға  берілетін техникалық тапсырмада  функционалдық,  техникалық,  сапалық  сипатамаларын  сипаттау  функционалдық  шектерді,  техникалық сипаттама параметірлерін,  үздік  сипаттаманы  айқындау  мақсатында            тауардың мақсатын қамтитын  тиісті  бөлімдерге  бөлінуге  тиіс.
Сатып  алынатын өнімдер  тамақ  өнімдерінің қауіпсіздігі  туралы Қазақстан Республикасының  заңнамасының талаптарына  сәйкес болуы  тиіс.
Отандық  тауар  өндірушілерді қолдау  үшін  өнім  беруші  тамақтандыруды ұйымдастыру  шеңберінде  тамақ  өнімдерінің кемінде 80 % (сексен  пайызын)  тауар  өндірушіден  сатып  алады.
Әлеуетті  өнім  берушінің өтінімдері,  егер:
  1. «мемлекеттік сатып  алу  туралы»  2015  жылдың  4  желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес  қалыптастырылатын  мемлекеттік  сатып  алу алуға  жосықсыз  қатысуышлардың  тізілімінде  тұрса;
  2. Егер  әлеуетті  өнім берушінің жақын туыстары,  жұбайы (зайыбы)  немесе  жекжаттары   және (немесе)  аталған  әлеуетті өнім берушінің өкілі  өнім  берушіні  таңдау  туралы шешім  қабылдау  құқығына  ие  болса  не өткізілетін конкурстарда  конкурсты  ұйымдастырушының өкілі  болып  табылса;
  3. Қазақстан Республикасының резиденті болып  табылмаса қабылданбайды.
Күні: 22  қаңтар  2018  жыл
    «Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі
    балалар ауылы  КММ-нің  директоры:                                                            М.Суюндикова                                                            
                                                       М.О

Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық  
-құқықтық нысанында құрылған мектепке
дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім
балалар мен ата-аналарының     
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған
білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және
білім алушы балаларды тамақтандыруды 
қамтамасыз етуге байланысты тауарларды 
сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық 
құжаттамаға 7-қосымша    
Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар
мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім
алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге
байланысты тауарлар жеткізілімінің үлгілік шарты
 
    Арыс қаласы «Т.Тәжібаев атындағы
   отбасы үлгісіндегі  балалар ауылы»                                        «___» ____________  _______ ж.
               (Өткізілетін орын)
 
      Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын  ОҚО Арыс қаласы  Т.Тәжібаев атындағы
   отбасы үлгісіндегі  балалар ауылы атынан,  Суюндикова Меруерт Нурлановна бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын ____________________________ атынан (өнім беруші – конкурс жеңімпазының толық атауы) _____________________________ (жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік, Жарғы және басқасы) негізінде әрекет ететін_________________________
(лауазымы, басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) екінші тараптан, Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты 20___жылғы «___» _______ өткен тауарларды жеткізушілерді таңдау жөніндегі конкурс қорытындылары туралы хаттама негізінде осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар жеткізілімінің шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:
      1. Өнім беруші 14818000 (он төрт миллион сегіз жүз он сегіс мың) теңге  мөлшердегі сомаға (бұдан әрі – Шарттың бағасы) тауарларды Тапсырыс берушіге жеткізуді міндетіне алады.
      2. Осы Шартта төменде көрсетілген ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:
      1) дүлей күш (форс-мажор) – төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлар (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және басқалары). Ондай мән-жайларға, атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың рынокта болмауы жатпайды;
      2) «Өнім беруші» – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), Тапсырыс берушімен жасасқан шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін тұлға.
      3) «Тапсырыс беруші» – орган немесе мектепке дейінгі білім беру ұйымы немесе жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы.
      4) «Тауар» – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауар.
      5) «Шарт» – Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жазбаша нысанда жазылған, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
      6) «Шарттың бағасы» Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс соманы білдіреді;
      Тараптар осы шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе жартылай орындамаған жағдайда, егер ол дүлей күш нәтижесі болып табылса жауапкершілік артпайды.
      3. Төменде көрсетілген құжаттар мен оларда айтылған жағдайлар, осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
      1) осы Шарт;
      2) техникалық тапсырма;
      3) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.
      4. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi (банктік кепілдеме, кепілдік ақшалай жарна төлеу) Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларында көзделген жағдайларда енгiзеді.
      5. Өнім берушінің үшінші тұлғалардың тұтастай не Шартты қамтамасыз етуді орындау бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің Өнім беруші енгізген Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді пайдалануына жол берілмейді.
      6. Шарт тиісті қаржы жылына міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражат шегінде жасалады және шартты орындау кезінде өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, бірақ кемінде екі рет ұзартылады.
      7. Өнім беруші жеткізуді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық тапсырмаға сәйкес тауарларды қабылдауды және төлеуді міндетіне алады.
      Ақы төлеу нысаны _______ (аударым, қолма-қол есеп айырысу)
      8. Төлеу мерзімі ____________________________________________
      9. Ақы төлеу алдындағы қажеттi құжаттар:__________ (шот-фактура немесе қабылдау-беру актiсi).
      10. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген құжаттаманы немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.
      11. Өнім берушінің тауарды жеткізуді төлеуді іс жүзінде орындау бойынша осы Шарттың ____ және ____ тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімде жүргізіледі.
      12. Тауарлардың құны _____ теңгені құрайды.
      13. Өнім берушімен тауарларды жеткізу Шартта белгіленген мерзімге сәйкес жүзеге асырылады.
      14. Өнім беруші тарапынан тауарларды жеткізуді кешіктіру Шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап, тауарларды жеткізуді уақытылы орындамағаны немесе заңнамада қарастырылған басқа шаралар үшін тұрақсыздық айыбын төлеп Тапсырыс берушімен Шартты бұзуына негіз болып табылады.
      15. Егер Өнім беруші Шартта көзделген мерзімде тауарды жеткізбесе, Тапсырыс беруші шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.
      16. Шарт талаптарын бұзғаны үшін Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып:
      1) егер Өнім беруші тауар бөлігін немесе барлығын Шартта көзделген мерзімде (дерде) немесе Тапсырыс беруші берген осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде бере алмаса;
      2) егер Өнім беруші Шарт бойынша қандай да болмасын басқа да өзінің міндеттемелерін орындай алмаса осы Шартты бұзады.
      17. Дүлей күш жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге бір жұмыс күн ішінде мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды жалғастырады және дүлей күшке байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздеуді жүргізеді.
      18. Өнім беруші, осы Шарттың 17-тармағының талаптарын орындаған жағдайда егер Шартты орындауды кешіктіру дүлей күш нәтижесі болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.
      19. Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші төлеуге қабілетсіз болса немесе Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енсе, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, кез келген уақытта Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу залал келтірмесе немесе  іс-әрекеттерді жасауға қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе соңынан қойылатын санкцияларды қолданатын жағдайда Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.
      20. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетіледі, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күні көрсетіледі.
      21. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күні іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы төленеді.
      22. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсайды.
      23. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәселені шешеді.
      24. Шарт мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жасалады.
      25. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама, кейін түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.
      26. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе), бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты күшіне енеді.
      27. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.
      28. Осы Шартта Тапсырыс беруші мен Өнім беруші белгіленген тәртіппен келісілген өзге де айыппұл санкциялары немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.
      29. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық тіркеуден өткізгеннен кейін және Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.
      30. Осы Үлгілік шарт тауарларды сатып алуды Тапсырыс беруші жүзеге асыру процесінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді.
      Осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Өнім берушінің конкурстық өтініміне және Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес келуі тиіс.
      31. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:
        
Тапсырыс беруші                                                                                  Өнім беруші
 
ОҚО білім  басқармасы «Т.Тәжібаев атындағы
 отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ    
                  (толық атауы)                                                                      _____________________________
                                                                                                                               (толық атауы)
ОҚО Арыс қаласы Әйтеке би №34                                                       _____________________________                                                                                                                                                                                                                                                                              
           (мекен-жайы)                                                                                           (мекен-жайы)
       8(72540) 2-18-13,   2-18-30                                                                      _____________________________
               (телефоны, факс)                                                                                       (телефоны, факс)
Суюндикова Меруерт Нурлановна                                                   ________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты                                                                             (тегі, аты, әкесінің аты (бар 
(бар болса)                                                                                                            болса)                           
_______________________________                                               _______________________________
              (қолы)                                                                                               (қолы)
«___»___________________ ____ж.                                                 «___»_____________________ ____ж.
М.О.                                                                                                             М.О.
 
Аумақтық қазынашылық   органында тіркеу  күні ____________________________

 
ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
22.01.2018-12:00:00