Арыс қаласы «Байырқұм ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті.


Арыс қаласы «Байырқұм ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті.

Құрметті сайтқа кірушілер!

Сіздердің назарынызға округ бюджетінің негізгі көрсеткіштері мазмұндалған, оны қалыптастыру және шығыс бөлігі бағыттарының параметрлері көрсетілген Арыс қаласы «Байырқұм ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2018-2020 жылдарға арналғана заматтық бюджеті ұсынылуда.

2018 жылғы Байырқұм округінің әлеуметтік-экономикалық

дамуының негізгі көрсеткіштер болжамы

Халық саны. 2018 жылы халық саны 4185 адамды  құрайды деп жоспарлануда, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға артады.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы нақты көлем индексін 2017 жылға қарағанда 100,7 пайызға жеткізу жоспарлануда, оның ішінде өсімдік шаруашылығын 98,2 пайыз, мал шаруашылығы 100 пайыз.

Кәсіпкерлік. Тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы көлемінен жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі 75,1 пайызды құрайды.

Жұмыспен қамту. Жұмыссыздық деңгейін өткен жылғы 4,5 пайызында ұстау болжамдануда.

2018 жылғы базалық мөлшерлемелер:

айлық есептік көрсеткіштер – 2 405 теңге;

жалақының ең төмен мөлшері – 28 284 теңге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 33 745 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 28 284теңге;

орташа айлық жалақы – 91817 теңге;

2018-2020 жылдарға арналған Байырқұм ауылдық округ

бюджетінің негізгі параметрлері

2018-2020 жылдарға арналған Байырқұм ауылдық округ бюджетінің жобасы 2018-2020 жылдарға арналған болжамды макроэкономикалық көрсеткіштерінің негізінде қалыптастырылып, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 бабына сәйкес, Арыс қалалық мәслихатының қарауына ұсынылған.

«2018-2020 жылдарға арналған Байырқұм ауылдық округ бюджеті туралы»  шешіміне өзгеріс енгізу туралы Арыс қалалық мәслихатының №21/159-VІ шешімі 2018 жылдың 19 сәуірінде қабылданып, Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаментінде 2018 жылдың 24 сәуірінде 4566 нөмірімен тіркелген. Байырқұм ауылдық округ әкімінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі «2018-2020 жылдарға арналған Байырқұм ауылдық округ әкімі аппаратының бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Арыс қалалық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» № 09 шешімімен атқарылуға қабылданды.

Түсімдер

Салық кодексіне сәйкес және макроэкономикалық көрсеткіштерін ескере отырып,  2018 жылға арналған аулдықокруг бюджетінің болжамды өзіндік кірістерінің түсімі 5181,0 мың теңге көлемінде жоспарланған, оның ішінде:

- салықтық түсімдер – 4181,0  мың теңге;

- салықтық емес түсімдер – 1000,0 мың теңге;

 Сонымен қатар Арыс қалалық мәслихаттың 2018 жылғы 19 сәуірдегі №21/159-VІ  шешiмiне сәйкес 2018 жылға 37391,0 мың теңге көлемінде субвенция қарастырылған.         

млн.теңге

Атауы

2018жыл

2019жыл

2020жыл

Түсімдер

42 572,0

41 300,0

42 205,0

Салықтық түсімдер

4181,0

4474,0

4786,0

Салықтықеместүсiмдер

1000,0

342,0

366,0

Трансферттердің түсімдері

37 391,0

36 484,0

37 053,0

Шығыстар

Млн теңге

Атауы

2018жыл

2019жыл

2020 жыл

Шығыстар

42 572,0

41 300,0

42 205,0

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

21 154,0

18 969,0

19 091,0

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

450,0

315,0

326,0

Ауылдық жерлерде оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыру

265,0

278,0

288,0

Шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін жақын жердегі денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру

20,0

21,0

22,0

Жергілікті деңгейде денешынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу

20,0

21,0

22,0

Елді-мекендерді көркейту

663,0

696,0

721,0

Аудандықмаңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдықокругтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу

20 000,0

21 000,0

21 735,0

 


 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
15.05.2018-12:00:00