Ақдала ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті.


Ақдала ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті.

Құрметті сайтқа кірушілер!

Сіздердің назарынызға Ақдала ауылдық округ бюджетінің негізгі көрсеткіштері мазмұндалған, оны қалыптастыру және шығыс бөлігі бағыттарының параметрлері көрсетілген Ақдала ауылдық округ 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылуда.

2018 жылғы Ақдала ауылдық округ әлеуметтік-экономикалық

дамуының негізгі көрсеткіштер болжамы

Халық саны. 2018 жылы халық саны 4,3 мың адамды  құрайды деп жоспарлануда.

Өнеркәсіп. 2018 жылы «Arys Kaun» ЖШС-гі шартты шыны ыдыстарда 50 000 дана - қауын тосабы, 50 000 дана - қауын тосабы (повидло), 50 000 дана - қауын компоты, 2 тн - қауын қақ, 2 тн - қауын құрт шығаруды жоспарлауда. Сонымен бірге,  «Қазына Жер LTD» ЖШС-гі 5500 тонна сүт саууды және «Агрофирма»Жаңа Ақдала»  ЖШС-гі 300 га жерге қызанақ егіп, алынған өнімге қарай томат пастасын  шығару жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы саласындағы өсімдік және мал шаруашылығы бойынша 2018 жылғы жоспары ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі тарапынан әзірленіп нақтылануда.

Инвестиция. Ақдала ауылдық округіндегі жеке және заңды тұлғалардың тарапынан 2018 жылы 140,0 мың теңгеге заманауи технологиямен жабдықталған құрылғылар сатып алыну жоспарланып отыр.

2018 жылғы базалық мөлшерлемелер:

айлық есептік көрсеткіштер – 2 405 теңге;

жалақының ең төмен мөлшері – 28 284 теңге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 33 745 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 22 205 теңге;

орташа айлық жалақы – 91817 теңге;

2018-2020 жылдарға арналған Ақдала ауылдық округ

бюджетінің негізгі параметрлері

2018 жылдың 19 сәуірінде  Арыс қалалық мәслихатының 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №19/132-VІ «2018-2020 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 24 сәуірде нормативтәк құқықтық актілерді мемлекттік тіркеу Тізілімінде №5466 болып тіркелген шешімі қабылданып, Ақдала ауылдық округ әкімінің  2018 жылғы 25 сәуірдегі №8 Ақдала ауылдық округ әкімінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы №2 Арыс қалалық мәслихатының 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №19/132-VІ «2018-2020 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімімен орындауға қабылданды.

Түсімдер

Салық кодексіне сәйкес және макроэкономикалық көрсеткіштерін ескере отырып,  2018 жылға арналған қала бюджетінің болжамды өзіндік кірістерінің түсімі 30438,0 мың теңге көлемінде жоспарланған, оның ішінде:

- салықтық түсімдер – 4147,0  мың теңге;

- салықтық емес түсімдер – 4792,0 мың теңге;

- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге.

2018 жылға арналған қала бюджетінің өзіндік кірістері негізінен реттелетін салықтардан (қала бюджетіне түсімі 3,85%) және меншiкке салынатын салықтардан (қала бюджетіне түсімі 96,15%) құралады.

 Сонымен қатар, қалалық мәслихаттың 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 21/159-VI шешiмiне сәйкес 2018 жылға 21499,0 мың теңге көлемінде субвенция қарастырылған.         

млн.теңге

Атауы

2018жыл

2019жыл

2020жыл

Түсімдер

30438,0

22554,0

22804,0

Салықтықтүсімдер

4147,0

4642,0

4913,0

Салықтықеместүсiмдер

300,0

300,0

300,0

Трансферттердіңтүсімдері

21499,0

17612,0

17591,0

Қарыздартүсімі

0

0

0

Жергіліктіөзін-өзібасқарудыңқолма-қолақшаныбақылаушотынанқаражатқалдықтарыныңтүсімдері

4492

 

 

Шығыстар

Мың теңге

Атауы

2018 жыл

2019жыл

2020 жыл

Шығыстар

30438,0

22552,0

22804,0

Жалпысипаттағымемлекеттiкқызметтер

20543,0

18257,0

18357,0

Елді-мекендердікөркейту

0,0

840,0

869,0

Денсаулық сақтау

20

21,0

22,0

Мәдениет, спорт, туризм жәнеақпараттықкеңістiк

20,0

21,0

22,0

Көлiкжәне коммуникация

9855,0

3415,0

3534,0

2017 жылға салалар бойынша шығыстар

                                                                                                пайыз

Шығыстар

100,0

Жалпысипаттағымемлекеттiкқызметтер

99,89

Мәдениет, спорт, туризм жәнеақпараттықкеңістiк

0,11

2018 жылға арналған қалалық бюджеттің шығыстар бөлігінде облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді қоса есептегенде 30438,0 мың теңге қаралған, оның ішінде мемлекеттік басқаруға және мемлекеттік міндеттемелерді қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы бюжеттік бағдарламаларға қаралған қаржының көлемі 19299,0 мың теңгеге.

Оның ішінде ағымдағы бюджет бойынша негізгі шығындар:

            Ауылдық округтің тұрғын үй коммуналдық саласына жалпы 800,0 мың теңге қаралды. Бұл қаржылар ауылдық округтегі санитарлық тазалықты қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін пайдаланылады.

            Ауылдық округтің көлік және коммуникацияларына жалпы сомасы 9855,0 мың теңге бөлінді. Бұл қаржылар ауылдық округтегі жолдарды жөндеуге жұмсалады.

            Ауылдық округтің денсаулық сақтауына жалпы сомасы 20,0 мың теңге бөлінді.Бұл қаражатты сырқаты ауыр адамдарды шұғыл жағдайларда жақын жерде дәрігерлік көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына бағыттау жоспарлануда.

            Ауылдық округтің жергілікті деңгейінде дене шынықтыру мен сауықтыру және спорттық іс-шараларды іске асыру үшін жалпы сомасы 20,0 мың теңге бөлінді.

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
15.05.2018-12:00:00