Арыс қаласы «Дермене ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

 


Арыс қаласы «Дермене ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті.

Құрметті сайтқа кірушілер!

Сіздердің назарынызға округ бюджетінің негізгі көрсеткіштері мазмұндалған, оны қалыптастыру және шығыс бөлігі бағыттарының параметрлері көрсетілген Арыс қаласы «Дермене ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылуда.

2018 жылғы Дермене округінің әлеуметтік-экономикалық

дамуының негізгі көрсеткіштер болжамы

Халық саны. 2018 жылы халық саны 4322,0 мың адамды  құрайды деп жоспарлануда, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 0,5 пайызға артады.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы нақты көлем индексін 2017 жылға қарағанда 100,2 пайызға жеткізу жоспарлануда, оның ішінде өсімдік шаруашылығын 101,3 пайыз, мал шаруашылығы 101,2 пайыз.

Құрылыс. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексін  2017 жылға қарағанда 100,1 пайыздық көлемінде жоспарланып отыр.

Сауда.  Бөлшек сауданың нақты көлем индексін 2017 жылға қарағанда  100,3 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Кәсіпкерлік. Тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы көлемінен жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі 83,3 пайызды құрайды.

Жұмыспен қамту. Жұмыссыздық деңгейін өткен жылғы   4,1 пайызында ұстау болжамдануда.

2018 жылғы базалық мөлшерлемелер:

айлық есептік көрсеткіштер – 2 405 теңге;

жалақының ең төмен мөлшері – 28 284 теңге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 33 745 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 22 205 теңге;

орташа айлық жалақы – 91817 теңге;

степендия мөлшері:

колледждерде – 18433 теңге.  

2018-2020 жылдарға арналған Дермене ауылдық округ

бюджетінің негізгі параметрлері

2018-2020 жылдарға арналған Дермене ауылдық округ бюджетінің жобасы 2018-2020 жылдарға арналған болжамды макроэкономикалық көрсеткіштерінің негізінде қалыптастырылып, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 бабына сәйкес, Арыс қалалық мәслихатының қарауына ұсынылған.

«2018-2020 жылдарға арналған Дермене ауылдық округ бюджеті туралы» Арыс қалалық мәслихатының №19/132-VІ шешімі 2017 жылдың 9 желтоқсанында қабылданып, Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаментінде 2018 жылдың 15 қаңтарында 4402 нөмірімен тіркелген. Дермене ауылдық округ әкімінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы «2018-2020 жылдарға арналған Дермене ауылдық округ әкімі аппаратының бюджеті туралы» Арыс қалалық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» №04 шешімімен атқарылуға қабылданды.

Түсімдер

Салық кодексіне сәйкес және макроэкономикалық көрсеткіштерін ескере отырып,  2018 жылға арналған аулдық округ бюджетінің болжамды өзіндік кірістерінің түсімі 5019,0 мың теңге көлемінде жоспарланған, оның ішінде:

- салықтық түсімдер – 4869,0  мың теңге;

- салықтық емес түсімдер – 150,0 мың теңге;

 Сонымен қатар 2017 жылды  Арыс қалалық мәслихаттың 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №19/132-VІ  шешiмiне сәйкес 2018 жылға 31 704,0 мың теңге көлемінде субвенция қарастырылған.

мың.теңге

Атауы

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

Түсімдер

36 723,0

38 912,0

39 704,0

Салықтық түсімдер

4 869,0

5 164,0

5 480,0

Салықтық емес түсiмдер

628,0

150,0

150,0

Трансферттердің түсімдері

31 704,0

33 598,0

34 074,0

Шығыстар

мың теңге

Атауы

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

   Шығыстар

37 201,0

38 912,0

39 704,0

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

20 833,0

20 125,0

19 861,0

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

200,0

320,0

350,0

Бiлiм беру

16 328,0

18 745,0

19 797,0

Денсаулық сақтау

20,0

21,0

23,0

Жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу

20,0

21,0

23,0

 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
15.05.2018-12:00:00