Арыс қаласы Жиделі ауылдық округінің  2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті


Арыс қаласы Жиделі ауылдық округінің  2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті.

Құрметті сайтқа кірушілер!

Сіздердің назарынызға ауыл бюджетінің негізгі көрсеткіштері мазмұндалған, оны қалыптастыру және шығыс бөлігі бағыттарының параметрлері көрсетілген Арыс қаласы Жиделі ауылдық округінің  2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылуда.

2018 жылғы Арыс қаласы Жиделі ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық

дамуының негізгі көрсеткіштер болжамы

Халық саны. 2018 жылы халық саны 2,966 мың адамды  құрайды деп жоспарлануда, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 1,0 пайызға артады.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы нақты көлем индексін 2017 жылға қарағанда 7,9 пайызға жеткізу жоспарлануда, оның ішінде өсімдік шаруашылығын 105,0 пайыз, мал шаруашылығы 105,7 пайыз.

Сауда.  Бөлшек сауданың нақты көлем индексін 2017 жылға қарағанда  102,2 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Инвестиция. Облыстың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлеміндегі қала инвестициясының үлесін 2018 жылы  2,4 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Кәсіпкерлік. Тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы көлемінен жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі 91,5 пайызды құрайды.

Жұмыспен қамту. Жұмыссыздық деңгейін өткен жылғы 4,4 пайызында ұстау болжамдануда.

2018 жылғы базалық мөлшерлемелер:

айлық есептік көрсеткіштер – 2 405 теңге;

жалақының ең төмен мөлшері – 28 284 теңге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 33 745 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 28 284 теңге;

орташа айлық жалақы – 88 763 теңге;

2018-2020 жылдарға арналған Арыс қаласы Жиделі ауылдық округінің бюджетінің негізгі параметрлері

2018-2020 жылдарға арналған Арыс қаласы Жиделі ауылдық округінің  бюджетінің жобасы 2018-2020 жылдарға арналған болжамды макроэкономикалық көрсеткіштерінің негізінде қалыптастырылып, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 бабына сәйкес, Арыс қалалық мәслихатының қарауына ұсынылған.

«2018-2020 жылдарға арналған Арыс қаласы Жиделі ауылдық округінің  бюджеті туралы» Арыс қалалық мәслихатының №19/132-VІ шешімі 2017 жылдың 29 желтоқсанында қабылданған шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаментінде 2018 жылдың 15 қаңтарда 4402 нөмірімен тіркелген. Арыс қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 05 қаңтардағы «2018-2020 жылдарға арналған Арыс қаласы Жиделі ауылдық округінің бюджеті туралы» Арыс қалалық Жиделі ауыл округінің  шешімін іске асыру туралы» 2018 жылы 17 қаңтардағы №1 шешіміне  өзгерістер енгізілді.

Түсімдер

Салық кодексіне сәйкес және макроэкономикалық көрсеткіштерін ескере отырып,  2018 жылға арналған ауыл бюджетінің болжамды өзіндік кірістерінің түсімі 74879,0 мың теңге көлемінде жоспарланған, оның ішінде:

- салықтық түсімдер – 2887,0  мың теңге;

- салықтық емес түсімдер – 398,0 мың теңге;

-трансферттер түсімі– 71594,0 мың теңге.

млн.теңге

Атауы

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

Түсімдер

74879,0

66544,0

68314,0

Салықтық түсімдер

2887,0

3080,0

3288,0

Салықтық емес түсiмдер

398,0

355,0

365,0

Трансферттердің түсімдері

71594,0

63109,0

64661,0

Шығыстар

Мың теңге

Атауы

2018жыл

2019 жыл

2020 жыл

   Шығыстар

74879,0

66544,0

68314,0

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

23586,0

19585,0

19711,0

Бiлiм беру

25760,0

25451,0

26342,0

Денсаулық сақтау

20,0

21,0

22,0

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

666,0

466,0

482,0

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

20,0

21,0

22,0

Көлiк және коммуникация

24827,0

21000,0

21735,0

2018 жылға арналған жергілікті бюджеттің шығыстар бөлігі 74879,0 мың теңге қаралған.

ағымдағы бюджет бойынша негізгі шығындар:

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер бойынша жергілікті бюджет есебінен 23586,0 мың теңге жоспарланған. Аталған қаржы қаладағы аудан,аудандық маңызы бар қала,кент,ауыл, ауылдық  округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге, мемлекеттік органның күрделі шығыстары және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстарына жоспарланған.

Білім

Білім саласына жергілікті бюджет есебінен 25760,0 мың теңге жоспарланған.

Бюджет қаражаттары жалпы типтегі бала бақшалаларды күтіп ұстауға, қосымша білім беруге және білім саласындағы өзге де мақсаттарға жоспарланған.

Денсаулық сақтауға қала бюджетінен 20,0 мың теңге жоспарланған. 

Аталған қаржы шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізуді ұйымдастыруға қызмет көрсетуге бағытталуда.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа жалпы 666,0 мың теңге қаралды. Бұл қаржылар елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету және елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру қызмет көрсетуге бағытталуда. 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiкке  жергілікті бюджет есебінен 20,0 мың теңге жоспарланған.

Аталған қаржы жергілікті деңгейде дене шынықтыру – сауықтыру және спорттық іс-шараларды іске асыруға бағытталуда.

Көлiк және коммуникация жергілікті бюджет есебінен 24827,0 мың теңге жоспарланған.

Аталған қаржы Аққала ауылындағы  автомобиль жолдарын орташа жөндеуғе  бағытталуда, Ақсарылы, Абай көшелері.


 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
15.05.2018-12:00:00