Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті


Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті.

Құрметті сайтқа кірушілер!

Сіздердің назарынызға округ бюджетінің негізгі көрсеткіштері мазмұндалған, оны қалыптастыру және шығыс бөлігі бағыттарының параметрлері көрсетілген Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылуда.

2018 жылғы Монтайтас округінің әлеуметтік-экономикалық

дамуының негізгі көрсеткіштер болжамы

Халық саны. 2017 жылы халық саны 8677 мың адамды  құрайды, 2018 жылдың соңына дейін 1,5 пайызға артады деп күтілуде.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы нақты көлем индексін 2017 жылға қарағанда 110,25 пайызға жеткізу жоспарлануда, оның ішінде өсімдік шаруашылығын 115,0 пайыз, мал шаруашылығы 105,5 пайыз.

Құрылыс. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексін 2017 жылға қарағанда 101,0 пайыздық көлемінде жоспарланып отыр.

Кәсіпкерлік. Тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы көлемінен жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі 96,4 пайызды құрайды.

 

2018 жылғы базалық мөлшерлемелер:

айлық есептік көрсеткіштер – 2 405 теңге;

жалақының ең төмен мөлшері – 28 284 теңге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 33 745 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 22 205 теңге;

орташа айлық жалақы – 91817 теңге;

степендия мөлшері:

колледждерде – 18433 теңге.  

2018-2020 жылдарға арналған  ауылдық округ

бюджетінің негізгі параметрлері

2018-2020 жылдарға арналған Монтайтас ауылдық округ бюджетінің жобасы 2018-2020 жылдарға арналған болжамды макроэкономикалық көрсеткіштерінің негізінде қалыптастырылып, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 бабына сәйкес, Арыс қалалық мәслихатының қарауына ұсынылған.

«2018-2020 жылдарға арналған Монтайтас ауылдық округ бюджеті туралы» Арыс қалалық мәслихатының №19/132-VІ шешімі 2017 жылдың  29 желтоқсанында қабылданып, Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаментінде 2018 жылдың 15 қаңтарында 4402 нөмірімен тіркелген. Монтайтас ауылдық округ әкімінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы «2018-2020 жылдарға арналған Монтайтас ауылдық округ әкімі аппаратының бюджеті туралы» Арыс қалалық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» №03 шешімімен атқарылуға қабылданды.

Түсімдер

Салық кодексіне сәйкес және макроэкономикалық көрсеткіштерін ескере отырып,  2018 жылға арналған аулдық округ бюджетінің болжамды өзіндік кірістерінің түсімі 9274,0 мың теңге көлемінде жоспарланған, оның ішінде:

- салықтық түсімдер – 8956,0  мың теңге;

- салықтық емес түсімдер – 318,0 мың теңге;

 Сонымен қаңтар 2018 жылды  Арыс қалалық мәслихаттың 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №19/132-VІ  шешiмiне өзгерістер енгізу туралы 2018 жылға 40875,0 мың теңге көлемінде субвенция қарастырылған.   

мың.теңге

Атауы

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

Түсімдер

40875,0

40502,0

41352,0

Салықтық түсімдер

8956,0

8649,0

9262,0

Салықтық емес түсiмдер

318,0

340,0

364,0

Трансферттердің түсімдері

31601

30762,0

30829,0

Шығыстар

мың теңге

Атауы

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

   Шығыстар

41 862,0

40 592,0

41 357,0

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

24 214,0

22 170,0

22 170,0

Күрделі шығыс

265,0

0

0

Денсаулық сақтау

20,0

22,0

24,0

Елді мекендерді санитариясын қамтамасыз ету

222,0

233,0

245,0

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

222,0

233,0

245,0

Жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу

20,0

21,0

23,0

Ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу.

16 899,0

17 913,0

18 650,0

 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
15.05.2018-12:00:00