Қаулы


Арыс қаласында «Түркістан облысында
Қазақстан Республикасының
2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске
асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы
іс-қимыл жөніндегі 2018 - 2020 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы»
қаулысын іске асыру туралы
 
 
         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 3 тамыздағы №226 «Түркістан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Арыс қаласында «Түркістан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі  2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын іске асыру мақсатында №1 қосымшаға сәйкес іс-шаралар жоспары бекітілсін.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаевқа  жүктелсін.

Қала әкімі                                      М.Қадырбек

 

Арыс қаласы әкімдігінің

2018 жылғы 

«_____»_________№______
 қаулысына №1 қосымша

Арыс қаласында «Түркістан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын іске асыру мақсатында іс-шаралар жоспары

Р/с

Iс-шаралар атауы

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзiмi

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

  1.  

Заңнамалық актілерді:

жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектіліктің бірыңғай тізілімін  енгізу;

жер участкелерінің нысаналы мақсаттарын өзгерту рәсімдерін  оңтайландыру бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

қала әкімі аппаратына ақпарат

Жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі,ауыл округі әкімдері

2019 жылғы 22 сәуірден кешіктірмей

Талап етілмейді

  1.  

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу

қала әкімі аппаратына       ақпарат

Персоналды басқару бөлімі,дербес бөлімдер,ауыл округі әкімдері,

жыл сайын 22 қарашадан кешіктірмей

Талап етілмейді

  1.  

Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі              консультативтік –кеңесші  органдардың отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бйім салалардың (құқықтық статистика деректері және әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын тыңдау

қала әкімі аппаратына ақпарат

Дербес бөлімдер,ауыл округі әкімдері

Жыл сайын, жарты жылда 1 рет

Талап етілмейді

  1.  

Әдістемелік ұсынымдарды әзірлей отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониториг жүргізу

қала әкімі аппаратына ақпарат

Білім бөлімі,дербес бөлімдер, ішкі саясат бөлімі,ауыл округі әкімдері

2019-2020 жылдардағы         22 ақпаннан кешіктірмей

 

Талап етілмейді

  1.  

Орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу

қала әкімі аппаратына ақпарат

Білім бөлімі,

ауыл округі әкімдері

жыл сайын, 22 сәуірден кешіктірмей

Талап етілмейді

  1.  

ҮЕҰ арасында қоғамдық бақылауды күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

қала әкімі аппаратына ақпарат

Ішкі саясат бөлімі, дербес бөлімдер, ауыл округі әкімдері

жыл сайын,

22 сәуірден кешіктірмей

Қаржы аясында

  1.  

Жастар ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің оқу- тәрбие процесіне тарта және қоса отырып, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту

қала әкімі аппаратына ақпарат

Білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі, ауыл округі әкімдері

2018 жылғы            31 тамыздан кешіктірмей

Талап етілмейді

  1.  

Көрнекті ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдастықтың басшылары мен өкілдерінің сөз сөйлеулерін көздей отырып, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелері бойынша брифингтерге, интернет-конференцияларға, телевизиялық бағдарламаларға және «тікелей желілерге» қатысуын қамтамасыз ете отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-на кең ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру

қала әкімі аппаратына ақпарат

Ішкі саясат бөлімі, ауыл округі әкімдері

2018-2020 жылдардағы          22 сәуірден кешіктірмей

Талап етілмейді

  1.  

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының өңірлік слеттерін өткізу

қала әкімі аппаратына ақпарат

Білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі, ауыл округі әкімдері

2018 жылдың 30 тамызынан кешіктірмей,2019-2020 жылдардағы          22 шілдеден кешіктірмей

Талап етілмейді

  1.  

БАҚ өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта үздік журналистік жарияланымдарға конкурстар өткізу

қала әкімі аппаратына ақпарат

Ішкі саясат бөлімі,ауыл округі әкімдері

жыл сайын,10 маусымнан кешіктірмей

Талап етілмейді

  1.  

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әлеуметтік аудио, бейнероликтерді әзірлеуді көздеу және оны трансляциялауды қамтамасыз ету

қала әкімі аппаратына ақпарат

Ішкі саясат бөлімі,дербес бөлімдер,ауыл округі әкімдері

жыл сайын

Қаржы аясында

  1.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлық  көріністеріне төзбеушілік деңгйін айқындау бойынша әлеуметтанушылық зерттеулерді жүргізу

қала әкімі аппаратына ақпарат

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар,ішкі саясат бөлімі жастар,ауыл округі әкімдері

жыл сайын

Қаржы аясында

  1.  

Арнайы мониторингтік тобының Қазақстан Республикасының 2015-2025  жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясыныңіске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жүргізуін  қамтамасыз ету

қала әкімі аппаратына ақпарат

Персоналды басқару бөлімі,дербес бөлімдер,ауыл округі әкімдері

Жыл қорытындысы бойынша жыл     сайын, 25 қаңтардан  кешіктірмей

Талап етілмейді

  1.  

Халық тарапынан сыртқы бағалауды алу және қоғам пікірін есепке алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сайтында жариялау

қала әкімі аппаратына ақпарат

Ішкі саясат бөлімі, дербес бөлімдер,ауыл округі әкімдері

Жыл қорытындысы бойынша жыл сайын, 5 наурыздан кешіктірмей

Талап етілмейді

  1.  

Еңбек шарттарын жасаспай қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілерге шаралар қабылдаумен мониторинг жүргізу

қала әкімі аппаратына ақпарат

Персоналды басқару бөлімі,дербес бөлімдер,ауыл округі әкімдері

Жартыжылдық қорытындысы бойынша 5 қаңтар  мен 5 шілдеден кешіктірмей

Талап етілмейді

  1.  

Іс-шараларды жоспарлау мен іске асырудың барлық кезеңдерінде бюджетті қалыптастыруға қатысушыларды жауапкершілікке тарту мен жауапкершіліктің аражігін ажыратудың тиімді тетігін құру мәселесі бойынша ұсыныс енгізу

қала әкімі аппаратына ақпарат

Эканомика және қаржы бөлімі,Персоналды басқару бөлімі,дербес бөлімдер,ауыл округі әкімдері

2018 жылғы

26 қарашадан кешіктірмей

Талап етілмейді

  1.  

Ірі сауда объектілерінің (дүкендердің, сауда үйлерінің) құрылысын инвестициялық артықшылықтар берілетін эканомикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қосу мәселесі бойынша ұсыныс енгізу

қала әкімі аппаратына ақпарат

Кәсіпкерлік бөлімі, дербес бөлімдер, ауыл округі әкімдері

2018      жылғы   26 қарашадан кешіктірмей

Талап етілмейді

  1.  

Квазимемлекеттік сектордың ашықтығын арттыру мақсатында, оның ішінде тауарды немесе көрсетілетін қызметті егжей-тегжейлі сипаттай отырып, тендерді ұтып алған тұлға, баға туралы толық ақпаратты жариялау жолымен оның сатып алу тетігін жетілдіру бойынша ұсыныс енгізу

қала әкімі аппаратына ақпарат

Эканомика және қаржы бөлімі,дербес бөлімдер,ауыл округі әкімдері

2018 жылғы

26 қарашадан кешіктірмей

Талап етілмейді

  1.  

Сыбайлас жемқорлық заңнамаларын, қызметтік әдеп ережесі  мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша бейнероликтер (түсіндірмелер) түсіру және оларды интернетте жариялау

қала әкімі аппаратына ақпарат

Ішкі саясат бөлімі, дербес бөлімдер,ауыл округі әкімдері

жыл сайын

Қаржы аясында

  1.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған арнайы телевизиялық жоба құру

қала әкімі аппаратына ақпарат

Ішкі саясат бөлімі, дербес бөлімдер,ауыл округі әкімдері

2018  жылғы

1 қыркүйектен     кешіктірмей

Қаржы аясында

  1.  

Аудандық, қалалық баспа БАҚ-да мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда арнайы айдар ашып, апта сайын мақалалар жариялау

қала әкімі аппаратына ақпарат

Ішкі саясат бөлімі, дербес бөлімдер,ауыл округі әкімдері

жыл сайын

Қаржы аясында

  1.  

Жергілікті атқарушы органдарының бірінші басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы авторлық мақалаларының БАҚ-да жариялануын қамтамасыз ету

қала әкімі аппаратына ақпарат

Дербес бөлімдер,

ауыл округі әкімдері

жыл    сайын

Қаржы аясында

  1.  

Әлеуметтік сыртықы жаранама арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыпастыруға бағытталған баннерлер, плакаттар әзірлеу және орналастыру

қала әкімі аппаратына ақпарат

Ішкі саясат бөлімі, дербес бөлімдер,ауыл округі әкімдері

жыл  сайын

Қаржы аясында

  1.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы аудио және бейнероликтерді  БАҚ-да, қоғамдық орындар мен көліктерді трансляциялау

қала әкімі аппаратына ақпарат

Ішкі саясат бөлімі, дербес бөлімдер,ауыл округі әкімдері

жыл   сайын

Қаржы аясында

  1.  

Қоғаммен кері байланысты орнату мақсатында барлық жергілікті атқарушы органдардың сенім телефондары көрсетілген ақпараттық жадынамаларды мекемелердің баршаға көрінетіндей жерлеріне орналастыруды қамтамасыз ету

қала әкімі аппаратына ақпарат

Дербес бөлімдер,ауыл округі әкімдері

жыл сайын

Талап етілмейді

  1.  

Жергілікті атқарушы органдардың мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

қала әкімі аппаратына ақпарат

Персоналды басқару бөлімі,дербес бөлімдер,тауыл округі әкімдері

Әр тоқсанның соңғы айының 20-на дейін

Талап етілмейді

  1.  

Жиі кездесетін кемшіліктерді ұжымдарда талқылау тәжірбиесін енгізу

қала әкімі аппаратына ақпарат

Дербес бөлімдер,ауыл округі әкімдері

Жыл сайын, жарты жылда     1 рет

Талап етілмейді

 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
25.09.2018-12:00:00