Арыс қаласының 2019-2021 жылдарға арналған азаматтық бюджеті.


Арыс қаласының 2019-2021 жылдарға арналған азаматтық бюджеті.

Құрметті сайтқа кірушілер!

Сіздердің назарынызға қала бюджетінің негізгі көрсеткіштері мазмұндалған, оны қалыптастыру және шығыс бөлігі бағыттарының параметрлері көрсетілген Арыс қаласының 2019-2021 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылуда.

2019 жылғы Арыс қаласының әлеуметтік-экономикалық

дамуының негізгі көрсеткіштер болжамы

Халық саны. 2019 жылы халық саны 76,0 мың адамды  құрайды деп жоспарлануда, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 2,0 пайызға артады.

Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімінің көлемін 8,2 млрд.теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр, нақты көлем индексі 2018 жылға қарағанда 103,7 пайыз.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы нақты көлем индексін 2019 жылға 106,0 пайызға жеткізу жоспарлануда, оның ішінде өсімдік шаруашылығын 103,9 пайыз, мал шаруашылығы 106,2 пайыз.

Құрылыс. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексін 102,0 пайыздық көлемінде жоспарланып отыр.

Сауда.  Бөлшек сауданың нақты көлем индексін 103,1 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Инвестиция. Облыстың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлеміндегі қала инвестициясының үлесін 2019 жылы  1,4 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Кәсіпкерлік. Тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы көлемінен жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі 93,3 пайызды құрайды.

Жұмыспен қамту. Жұмыссыздық деңгейін өткен жылғы 5,1 пайызында ұстау болжамдануда.

2019 жылғы базалық мөлшерлемелер:

айлық есептік көрсеткіштер – 2 525 теңге;

жалақының ең төмен мөлшері – 42 500 теңге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 36 108 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 25 244 теңге;

орташа айлық жалақы –105 021 теңге;

степендия мөлшері:

колледждерде – 20 110 теңге.  

2019-2021 жылдарға арналған Арыс қаласы бюджетінің негізгі параметрлері

2019-2021 жылдарға арналған Арыс қаласының бюджетінің жобасы 2019-2021 жылдарға арналған болжамды макроэкономикалық көрсеткіштерінің негізінде қалыптастырылып, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 бабына сәйкес, Арыс қалалық мәслихатының қарауына ұсынылған.

«Арыс  қалалық  мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №30/206-VІ «2019-2021 жылдарға арналған қалалық  бюджет туралы»  шешімі қабылданып, Түркістан облыстық әділет департаментінде 2018 жылдың 28 желтоқсанда 4868 нөмірімен тіркелген. Арыс қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №476 «Арыс қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №30/206-VІ «2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысымен атқарылуға қабылданды.

2019 жылдың I жартыжылдығына қалалық бюджет 1 рет нақтыланып, 2 рет түзету енгізілді.

  • 20.02.2019 жылғы №43 қала әкімінің қаулысымен түзету енгізілді.
  • 19.04.2019 жылы №35/247-VI шешімі қабылданып, Түркістан облыстық әділет департаментінде 2019 жылдың 25 сәуірде 4998 нөмірімен тіркелген. Арыс қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі №108 «Арыс қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №30/206-VІ «2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысымен атқарылуға қабылданды.

-    02.05.2019 жылғы №115 қала әкімінің қаулысымен түзету енгізілді.

Түсімдер

2019 жылға арналған қала бюджетінің өзіндік кірістерінің түсімі 1 659 253,0 мың теңге көлемінде жоспарланған, оның ішінде:

- салықтық түсімдер – 1602782,0  мың теңге;

- салықтық емес түсімдер – 23840,0 мың теңге;

- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 32631,0 мың теңге.

2019 жылы трансферттер түсіміне 14448635,0 мың теңге қаралды. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 30 наурыздағы № 11/110-VI шешiмiне сәйкес 2019 жылға 8 621 869,0 мың теңге көлемінде субвенция қарастырылған.       

млн.теңге

Атауы

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

Түсімдер

16195334,0

12117728,0

11869400,0

Салықтық түсімдер

1602782,0

1133998,0

1172373,0

Салықтық емес түсiмдер

23840,0

25378,0

26394,0

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

32631,0

33936,0

35294,0

Трансферттердің түсімдері

14448635,0

10919008,0

10629931,0

Қарыздар түсімі

15150,0

 

 

Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

66888,0

 

 

Бюджеттік кредиттерді өтеу

5408,0

5408,0

5408,0

Шығыстар

Мың теңге

Атауы

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

   Шығыстар

16195334,0

12117728,0

11869400,0

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

474957,0

304529,0

252292,0

Қорғаныс

29057,0

14187,0

14267,0

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, қылмыстық-атқару қызметі

9500,0

0,0

0,0

Бiлiм беру

8479203,0

6865044,0

7071934,0

Денсаулық сақтау

0,0

0,0

0,0

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

2030930,0

531064,0

545866,0

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

1648161,0

322308,0

696001,0

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

610508,0

512563,0

651396,0

Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

1273179,0

2043540,0

1139885,0

Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары

294207,0

384895,0

402324,0

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

83896,0

36096,0

24213,0

Көлiк және коммуникация

184125,0

550715,0

505685,0

Басқалар

270911,0

249402,0

257083,0

Борышқа қызмет көрсету

6,0

6,0

6,0

Трансферттер

653956,0

297971,0

303040,0

Қарыздарды өтеу

5408,0

5408,0

5408,0

Қаржы активтерін сатып алу

132180,0

   

Бюджеттік кредиттер

15150,0

   
       
       

 

2019 жылға салалар бойынша шығыстар

пайыз

   Шығыстар

100,0

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

2,7

Қорғаныс

0,1

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, қылмыстық-атқару қызметі

0,1

Бiлiм беру

56,1

Денсаулық сақтау

0,0

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

6,2

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

11,7

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

3,8

Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

8,9

Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары

2,0

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

0,6

Көлiк және коммуникация

1,3

Басқалар

1,7

Борышқа  қызмет көрсету

0,0

Трансферттер

4,7

Қарыздарды өтеу

0,0

Қаржы активтерін сатып алу

0,8

Бюджеттік кредиттер

0,1

2019 жылға арналған қалалық бюджеттің шығыстар бөлігінде облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді қоса есептегенде 14448635,0 мың теңге қаралған, оның ішінде бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған даму бағдарламаларының көлемі 2526295,0 мың теңгеге жоспарланған.

Оның ішінде ағымдағы бюджет бойынша негізгі шығындар:

Білім

Білім саласына жергілікті бюджет есебінен 8470768,0 мың теңге жоспарланған.

Бюджет қаражаттары арнайы және жалпы типтегі бала бақшалаларды күтіп ұстауға, жалпы орта және қосымша білім беруге, оқулықтар мен әдістемелік кешендер сатып алуға, мультимедиялық кабинеттерімен жабдықтауға, жетім балаларды қорғауға, білім нысандарының күрделі жөндеуіне және білім саласындағы өзге де мақсаттарға жоспарланған.

Әлеуметтік қолдау және әлеуметтік қорғауға  қала бюджетінде   1946978,0 мың теңге жоспарланған. 

Аталған қаржылар жұмыспен қамту бағдарламасына жүзеге асыруға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік, тұрғын үй, мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына көмектерін төлеуге, мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсетуге, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуге бағытталуда.

Қаланың тұрғын-үй коммуналдық саласына жалпы 2827 237,0 мың теңге қаралды. Бұл қаржылар елді мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, газ тасымалдау, жылу-энергетикалық жүйені дамыту, мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыруға, шағын қалаларды жылумен жабдықтауды үздіксіз қамтамасыз етуге, сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуіне, қаланы түнгі жарықтандыруға, санитарлық тазалау жұмыстарына, жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқтарды жерлеуге, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша бағытталуда. 

Даму бюджеті бойынша шығындар:

Мемлекеттік органдар ғимаратының құрылысы

Қалалық бюджет есебінен  Жиделі, Дермене, Монтайтас, Ақдала ауыл округ әкімі аппараты ғимараттарының құрылыстарына 46960,0 мың теңге жоспарланған.

Білім беру нысандарының құрылысы

Қалалық бюджет есебінен Журба атындағы орта мектеп 300 орындық қосымша ғимарат құрылысының ЖСҚ дайындауға 4481,0 мың теңге,  Онтам елді мекеніндегі 150 орындық қосымша ғимарат құрылысының ЖСҚ дайындауға 2104,0 мың теңге, М.Әуезов атындағы орта мектеп 200 орындық қосымша ғимарат құрылысын мемлекеттік сараптама өткізуге 1850,0 мың теңге қаралды.

Тұрғын үй құрылысы 

Облыстық бюджеттің трансферттері есебінен Арыс қаласы "Көктем-2" тұрғын ауданы №8-ші көшесіндегі 3 қабатты 36 пәтерлік №4,5,6,10,11, тұрғын үйлердің құрылыстарын аяқтауға 642138,0 мың теңге қаралды;

Коммуналдық шаруашылықты дамыту

Облыстық бюджеттен Арыс қаласы, Дермене ауылдық округіне қарасты Саналы елді мекенінің Нұрлы көшесіне электр желілерін тарту және трансформатор орнату құрылысына 15000,0 мың теңге, Арыс қаласы, Ақдала ауылдық округіне қарасты Ақдала елді мекенінің көшелеріне электр желілерін тарту және трансформатор орнату үшін 23775,0 мың теңге қаралды.

Қалалық бюджет есебінен Арыс қаласы, Тараз тұрғын ауданын  электр энергиясымен қамтамасыз ету құрылысының ЖСҚ дайындауға 3403,0 мың теңге қаралды.

Ауыз су және кәріз жүйелерінің құрылысы 

Облыстық бюджеттен Арыс қаласының екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйлердің кәріз жүйелерінің құрылысына 13293,0 мың теңге, Арыс қаласы, Аққала елді мекенін сумен қамтамасыз ету құрылысына 100 000,0 мың теңге, Арыс қаласы, Көкжиде елді мекенінің сумен қамтамасыз ету құрылысына 100 000,0 мың теңге қаралды.

Республикалық бюджеттен Арыс қаласы, Қожатоғай ауылдық округі Шөгірлі елді мекенінің су желілерінің құрылысына 93080,0 мың теңге, Арыс қаласы, Екпинди (Шаян) елді мекеніндегі су өткізгіш желілерінің құрылысына 109380,0 мың теңге, Арыс қаласы Ақдала ауылдық округі П.Арапов елді мекенінде ауыз су жүйелерінің құрылысына 103542,0 мың теңге, Арыс қаласы Қожатоғай ауылдық округі Байтоғай елді мекенінде ауыз су жүйелерінің құрылысына 87940,0 мың теңге қаралды.

Жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруға Арыс қаласы, Ақдала елді мекенін сумен қамтамасыз ету құрылысына 2144,0 мың теңге қаралды.

Қалалық бюджет есебінен Стадион, Көктем-2, Сырдария мөлтек аудандарындағы жаңадан салынған көшелерді ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысының ЖСҚ дайындауға 5521,0 мың теңге қаралды.

Жылу-энергетикалық жүйелерін дамытуға

Республикалық бюджеттен Арыс қаласы, Ақдала ауылдық округіне қарасты Ақдала елді мекенінің көшелеріне электр желілерін тарту және трансформатор орнату үшін 206753,0 мың теңге қаралды.

Қалалық бюджет есебінен Көктем-2 мөлтек ауданы қазандық құрылыс жұмыстарының ЖСҚ дайындауға 2952,0 мың теңге қаралды.

Газ жүйелерінің құрылысы 

Республикалық бюджеттен Арыс қаласын (Оңтам және Сырдария е.м.) газбен қамтамасыз ету құрылысы 1 кезек (ГРП-4 және ГРП-5 пен жоғары қысымды жеткізуші газ өткізгіш) 250 000,0 мың теңге, Арыс қаласында газбен жабдықтауды салу (Онтам және Сырдария елді мекені)»-2 кезек. (ГТҚС-6 дан орташа қысымды газ құбыры) 200 000,0 мың теңге қаралды.

Облыстық бюджеттен Арыс қаласын (Онтам және Сырдария елді мекені) табиғи газбен жабдықтауды салу» 3 - кезек (ГТП-1, ГТП-2 және ГТП-3 ден орта қысымды газ құбыры) 494082,0 мың теңге, қоса қаржыландыруға Арыс қаласында газбен жабдықтауды салу (Онтам және Сырдария елді мекені)»-2 кезек. (ГТҚС-6 дан орташа қысымды газ құбыры) 95617,0 мың теңге қаралды.

Ауылшаруашылығы обьектілерінің құрылысы

Қалалық бюджет есебінен Арыс қаласы, Монтайтас, Жиделі, Ақдала, Дермене ауылдық округтерге мал тоғыту (ванна)  құрылысының ЖСҚ дайындауға 3230,0 мың теңге, Арыс қаласы, Дермене, Монтайтас, Жиделі, Ақдала, Байырқұм ауылдық округтерге ветеринариялық клиника құрылысының ЖСҚ дайындауға 25896,0 мың теңге, Қожатоғай елді мекеніндегі беккери шұғ қаралды.

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

Қалалық бюджеттен Арыс қаласы, МПС көшесіндегі №64, №27, №59, №63, №58 көппәтерлі тұрғын үйлердің күрделі жөндеуге 63114,0 мың теңге, Арыс қаласы, Ж.Асылбекова көшесіндегі №10 көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге 16701,0 мың теңге, Арыс қаласы, Ж.Асылбекова көшесіндегі №4, №6, №8, №2 екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйлердің күрделі жөндеуге 52365,0 мың теңге қаралды.

2019 жылға республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген трансфеттер туралы

   

Мың теңге

 

Текущий трансферт

3315621

 

РБ бюджеттен

3277145

1

Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға

95781

2

Тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге және негізгі қызметкердің оқу кезеңіне ауыстырылғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге

95703

3

Білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне қосымша ақы төлеуге

573402

4

Ұлттық біліктілік тестінен өткен мұғалімдерге педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақы

52852

5

Мектеп педагог-психологтарына біліктілік үшін қосымша ақы мен тиісті жалақы мөлшерін ұлғайтуға

10167

6

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге

1297241

7

Халықты жұмыспен қамту орталықтарында әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттерді енгізуге

46465

8

Жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға

83838

9

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға

41585

10

Ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты жеке санаттағы азаматтық қызметкерлердің жалақысын арттыруға

905746

11

Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын арттыруға

29669

12

Салық жүктемесін төмендетуге байланысты шығындарды өтеуге, олардың жалақы мөлшерін арттыру үшін жалақысы төмен қызметкерлерге

44696

 

Кредиттер /РБ/

15150

Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға кредит беру

15150

 

ОБ бюджеттен

23326

1

Кітапханаларда көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға қызмет көрсететін штат бірліктерінің еңбегіне ақы төлеуге

1371

2

Жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға

12475

3

Газоанализаторлар орналастыруға

9480

 

Развития

2526295

 

РБ бюджеттен

1050695

1

Елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға

393942

2

Газ тасымалдау жүйесін дамытуға

450000

3

Ақдала елді мекенінің көшелеріне электр энергиясы тарту және трансформатор орнату

206753

 

ОБ бюджеттен

1475600

1

Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалауға, салуға және (немесе) реконструкциялауға

633833

2

Арыс қаласының екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйлердің кәріз жүйелерінің құрылысы

13293

3

Елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға

200000

4

Газ тасымалдау жүйесі объектілерін дамытуға

589699

5

Саналы елді мекені нұрлы көшесін электр мен трансформатор орнату құрылысы

15000

6

Ақдала  елді мекенінің көшелеріне электр энергиясы тарту және трансформатор орнату

23775

 

Трансферт /ағымдағы және нысаналы трансферттер, кредиттер/

5841916

 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
03.07.2019-12:00:00