НЕСИЕНІ ЖАБУ



НЕСИЕНІ ЖАБУ Қазіргітаңда Президенттің Жарлығы бойынша қарыз жүктемесінің төмендеуі мен несиенің бір бөлігін жабу жүріпжатыр. Бұл хабар барша қазақстандықты қуантқаны рас. Алайда халық арасында бұл жеңілдікті кімдер пайдаланаалады, қарызы кешірілетіндердің тізімінде болмаса не істеу керек деген сұрақтар туындауда. Осы сұрақтарды талқылап, кіші-гірім лайфхактармен бөлісуді жөн көрдік.

ӨЗ МӘРТЕБЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ:

✅-enbek.gov.kzсайтынакіріңіз;

✅- «Борыштық жүктемені төмендету бағдарламасына қатысу үшін мәртебенітексеру» тетігін таңдау;

✅-Өз ЖСН-іңізді жазып, мәртебеңізді білу. НЕМЕСЕ:

✅-- 111-біріңғай нөмеріне хабарласу. ТАҒЫ ДА:

✅-egov.kzэлектронды порталында көруге болады. ЕҢ СОҢЫНАН, БАСҚА АМАЛЫҢЫЗ БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА:

✅- ХҚО-ға барыңыз. Алайда, егер сіздің аты-жөніңіз тізімде болмаса және сіз онымен келіспесеңіз, онда сізге--111, 74-32-20, 75-01-79 және 75-01-78 нөмірлеріне хабарласу керек. Егер сізді тізімнен алыптастау себебімен келіспесеңіз, онда Сізге банке немесе несие берген микрокредиттік ұйымға жүгіну қажет. Уақытыңызды әртүрлі жұмсауға болады, бірақ біз әрқашан сіз үшін оңтайлы шешім табуға тырысамыз және бос уақыттарңызды жақындарыңызға көбірек жұмсағандарыңызды қалаймыз.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы филиалының баспасөз қызметі.


 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
09.09.2019-12:00:00