АРЫСТА ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ



Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Түркістан-адалдық алаңы жобалық кеңсесі аясында Арыс қаласында орналасқан №17 колледж ішінен «Парасаталлық мектебі» салтанатты түрде ашылды. Өскелең ұрпақты өнегелі іске бастайтын парасаттылық мектебінің басты мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру, қоғам індетінің деңгейін төмендету, жас ұрпақты жанашырлыққа, адалдыққа тәрбиелеу және жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындау. «Парасаттылық мектебінің іші талаптарға сай толық жабдықталған.

№17 колледж директоры Ділдәбеков Бақтығали Сәрсенбекұлының ағымдағы жылдың 5-қарашасы күнгі бұйрығымен колледждің жастар ісі жөніндегі инспекторы Ләззат Серікбаева Парасаттылық мектебінің жетекшісі болып сайланды.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі


  


  


 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
26.11.2019-12:00:00