АРЫС ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!


ХАБАРЛАНДЫРУ! ХАБАРЛАНДЫРУ!
АРЫС ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі "Карантиндік шараларды күшейту туралы" №33 Қаулысына сәйкес Елімізде карантиндік шаралар күшейтілді

Облыстардың әкімдері:

1) халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлерін, медициналық көрсетілімдер бойынша шығатын және кіретін адамдарды, сондай-ақ карантин енгізілген кезеңде стационарларда және карантиндік және провизорлық стационарларда бақылауда болған адамдардың шығуын қоспағанда, облыс орталықтарының, қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің аумағынан шығуға және оған кіруге тыйым салуды;
2) авариялық-құтқару, жедел медициналық жәрдем қызметтерінің  қолжетімділігін және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді ескере отырып, карантиндік аймаққа кіру/шығу пункттерін айқындауды;
3) қала бойынша және аудандар, ауылдық елді мекендер арасында орамдар мен секторларға бөле отырып, блок-бекеттерді орната отырып, карантиндік аймақта жүріп-тұруды шектеуді;
4) Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің қызметкерлерін тарта отырып, COVID-19-мен сырқаттанушылық тіркелген ауылдық елді мекендерді қоршауды;
5) әуежайдың, теміржол вокзалының, автовокзалдар мен автостанциялардың қызметін тоқтата тұруды, қалааралық, ауданаралық автобус қатынастарына, сондай-ақ жеке тасымалдауға тыйым салуды;
6) екінші деңгейдегі банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінің, айырбастау пункттерінің қызметін онлайн жұмыс режиміне және «клиенттерге дейін жеткізу» принципі бойынша көшіру арқылы тоқтата тұруды;
7) меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, қызмет көрсету саласы объектілерінің қызметін тоқтата тұруды;
8) жәрмеңкелердің, азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар базарларының, автомобиль, киім-кешек, мал базарлары мен адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің жұмысын тоқтата тұруды;
9) қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұруды;
10) ауылдық елді мекендер ішінде тұрғындардың жүріп-тұруына тыйым салуды енгізуді;
11) Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінің күштерін тарта отырып, карантиндік аумақты патрульдеуді;
12) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететіндерді қоспағанда, барлық кәсіпорындардың/ұйымдардың қызметін тоқтата тұруды;
13) діни мақсаттағы объектілердің жұмысын тоқтата тұруды;
14) облыс орталықтарының, қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің ішінде жеке көліктің қозғалысын шектеуді;
15) бір отбасы мүшелерін қоспағанда, көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда үш адамнан артық топпен жиналуды шектеуді;
16) қажет болатын:
- азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу;
- жұмысқа шығу жағдайларын қоспағанда, тұрғындардың тұрғын үйден шығуын шектеуді;
17) тұрғылықты жері бойынша отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;
18) 65 жастан асқан адамдарға және он сегіз жасқа толмаған адамдарға тұрғын үйден алып жүретін адамсыз шығуына тыйым салуды;
19) карантин режимін сақтамайтын адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартуды;
20) карантин кезеңінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің тізбесі мен жұмыс режимін айқындауды;
21) қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты облыс орталықтарының, қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің аумағында жүріп-тұруға рұқсат етілген адамдардың тізбесін айқындауды;
22) COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттердің шұғыл көрсетілімдері бойынша емдеуге жатқызуға арналған көп бейінді стационарларды айқындауды тапсырды.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
18.04.2020-12:00:00