Құрметті Арыс қаласының тұрғындары !!!


«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасын орындау шеңберінде төтенше жағдай кезеңінде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін өтеуге коммуналдық қызметті жеткізушілерде есеп шоты болған кезде коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге құқығы бар тұлғалардың тізбесі анықталды.

1) 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;

2) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

3) көп балалы отбасылар;

4) мүгедектер мен Ұлы Отан соғысының қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар және Ұлы Отан соғысының қатысушылары;

5) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезінде, әскери қызметте, ғарышқа ұшуға дайындық немесе оны орындау кезінде, адам өмірін сақтау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау кезінде қайтыс болған адамдардың отбасылары;

6) ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер;

7) атаулы әлеуеметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.

Әр ай үшін 15 мың теңге мөлшерінде төлем коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың абоненттік есепшоттарына коммуналдық мекемелер арқылы төленеді.

Осыған байланысты, ережеге сәйкес, жоғарыда аталған санатқа жататын әр тұрғын Арыс қаласының әкімдігі тарапынан ашылған бірыңғай байланыс орталығына (тел нөмірі: 8725-40-2-04-82) 9:00 – 13:00 мен 15:00 – 19:00 аралығында (жұмыс күндері) қоңырау шалу арқылы және Түркістан облысы әкімдігі тарапынан ашылған SmartTurkistanBot телеграм каналы арқылы өтінім бере аласыздар.

Өтінім беруші ЖСН, тұрғылықты мекен-жайы, санаты (категориясы), коммуналдық қызметтер: электр қуаты, ауыз су, кәріз жүйесі (канализация), жылу жүйесі үшін абоненттік есепшотын дұрыс, қатесіз көрсету (айту) керек.

ЕСКЕРТУ: Жоғарыда бекітілген 7 санаттағы тұлғалар міндетті түрде коммуналдық мекемелерде келісімшарты болу керек екенін ескертеміз.

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
06.05.2020-12:00:00