ЕРІКТІЛЕР АЗАМАТТАРДЫҢ ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТ АЛУЫНА КӨМЕКТЕСУДЕ



Мемлекет басшысы биылғы жылды «Еріктілер жылы» деп жариялағаны баршамызға белгілі. Ел Президентінің бұл бастамасы түрлі салаларда қолдау табуда.

Осыған сәйкес, Жолдауды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді цифрлық нысанда пайдалану дағдылары бойынша оқу курсынан өткен еріктілер, бүгінгі таңда «Азамматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Арыс қалалық бөліміндегі «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрыштарында келушілерге көмек көрсетуде.

Еріктілер қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, қала тұрғындарына электронды үкімет порталын пайдалану және портал көмегімен мемлекеттік қызметтерге «Азамматтарға арналған үкімет» бөлімдеріне бармастан онлайн тапсырыстар беруді, сондай-ақ egov, telegrаm желісінде қызметтер алуын үйретуде.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


 


 


 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
12.06.2020-12:00:00