ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ — БОЛАШАҚТЫҢ БАҒЫТЫ



Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың   2017 жылдың 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында арнайы құрылған республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері қалалық мәдениет үйінде тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуді қала әкімі М.Қадырбек ашып, жүргізіп отырды.

Аталған жиынға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Ибраимов Қалымжан Уалханұлы мен облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Зейдулла Әнуар Болатханұлы, қаламыздың зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері мен тұрғындары, кәсіпорын мен мекеме басшылары, мәдениет, білім, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, этно-мәдени орталықтардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының  өкілдері қатысты.

Республикалық насихаттық топтың мүшесі Қ.Ибраимов тарихи құжаттың тағлымдық жақтарына тоқталып, Жолдаудың басым бағыттарын атап көрсетті.

Жиынға қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, жолдауды насихаттаушылар тарапынан тұщымды жауаптар берілді.

#жолдау3 #үшіншіжаңғыру

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
21.02.2017-12:00:00