ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ


Арыс қаласының 2018 жылдың қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ

2018 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 30,7 млрд. теңгені құрап,  2017 жылдың тиісті салыстырғанда 106,7% немесе 1 млрд. 927 млн. теңгеге артты. (2017 жылы 28,8 млрд. теңге).

ӨНЕРКӘСІП

5 млрд. 550  млн. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 100,7% құрады

(Обл.көр.-97,3%, Обл.- 11 орында. 2017 жылы 4 млрд. 941 млн. теңге).

Тау-кен өндіру саласында 115,5 млн. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 107,7% құрады.

(2017 жылы 63,1 млн. теңге, Обл көр.- 94,2%, жылдық жоспар 102,8%). 

Өңдеу өнеркәсібі саласында 4 млрд. 484 млн. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 100,5% құрады.

(2017 жылы 3 млрд. 507 млн. теңге, Обл көр.- 100,7%, жылдық жоспар 105,1%).

(Қалада өнеркәсіп өнімдерін өндіретін заңды тұлғалардың саны 13 бірлік, оның  ішінде 3 ірі және орта кәсіпорындар, 6 шағын кәсіпорын, 4 қосалқы кәсіпорындар жұмыс жасауда).

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК

Жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3460 бірлікті құрады.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субьектілерінің саны 3156 бірлік, 91,2% құрайды. (Жоспар 91,2%, 2017 жылы 2934 бірлік, Обл көр.- 92,7%, Обл.- 12 орында)

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 2018 жылы өндірген өнімдері мен ұсынылған қызметтерінің көлемі 23 млрд. 370 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,2 пайызға жетіп, 1 млрд. 360 млн. теңгеге артты. (2017 жылы 22 млрд. 10 млн. теңге)

Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында қалада «Арыс минералды су» ЖШС-гі құны 250 млн. теңгелік, 50 жұмыс орнын құрайтын, жылына 18 млн. литр  минералды су және басқа да алкогольсіз сусындар шығаратын цехы іске қосылды.

Шағын несиелендеру бойынша 2018 жылы барлығы 3334 адамға  1 млрд. 652 млн. теңге шағын несиелер берілген.

Оның ішінде «Арыс несие серіктестігі» ЖШС-і арқылы 22 адамға 233,8 млн. теңге, «Максимум» АИО» ЖШС-нің еншілес ұйымы «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і арқылы 36 адамға 107,8 млн теңге, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы 19 адамға 88 млн. теңге және «КazMicroFinance» ЖШС арқылы 3257 адамға 1 млрд. 223 млн. теңге несиелер берілді.

БӨЛШЕК САУДА

Бөлшек сауда айналымы 4 млрд. 114 млн. теңгеге  жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102,2% құрады. (Обл. көр.-104,1%, Обл.-13 орында. 2017 жылы 2 млрд. 339 млн. теңге).

НЕГІЗГІ ҚОРҒА БАҒЫТТАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

2018 жылы негізгі капиталға тартылған жалпы инвестиция көлемі    7 млрд. 727 млн. теңгені құрап, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 138,3% құрады. немесе 1 млрд. 895 млн. теңгеге немесе артқан. (Обл.көр.-101,2%, Обл.-2 орында. 2017 жылы 5 млрд. 331 млн. тг).

Бюджет есебінен барлығы 4 млрд. 80 млн. теңгеге инвестиция тартылды. 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 млрд. 84 млн. теңгеге немесе 36,2 пайызға артқан. (2017 жылы 2 млрд. 996 млн. тг).

Жеке қаражат есебінен 3 млрд. 647 млн. теңгеге инвестиция тартылды. 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 811 млн. теңгеге немесе 28,6 пайызға артты. (2017 жылы 2 млрд. 837 млн. тг).

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 13 млрд. 320 млн. теңгені құрап, НКИ 88,5 пайызды құрады. (Обл. көр.-105,3%, Обл.- 16 орында. 2017 жылы 13 млдр. 142 млн. теңге).

Өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі 4 млрд. 896 млн. теңгені құрап, нақты көлемінің индексі 73,8%, яғни 26,2% кем орындалған. (Жылдық жоспар 103,6%. 2017 жылы 6 млрд. 24 млн. тг)

Ағымдағы жылы егіс егу жоспары 22900 га ал нақты егілгені 27899 га немесе 121,8 пайыз.  

Қала бойынша жылыжай салу 6 гектар жоспарланған, бүгінгі таңда орындалуы – 6,1 гектар (101,6 пайыз).

Тамшылатып суғару әдісін қолдануды 900 гектар егістік жерде жоспарланса, бүгінгі таңда орындалуы 900,5 гектар (100,5 пайыз) орындалды.

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Мал шаруашылығы жалпы өнімі 8 млрд. 181 млн. теңгені құрап, нақты көлемінің индексі 100,7%, орындалған. (Жылдық жоспар 106,0%. Обл.- 14 орында. 2017 жылы 7 млрд. 118 млн. теңге)

Мал басы және мал өнімдері барлық түрінен артқан. Ет100,7 пайыз, 7,8 мың тонна, сүт 102,1 пайыз, 20,0 мың тонна, жұмыртқа101,6 пайыз, 7,5 млн. дана өндірілді. 749,9 тонна жүн қырқылып,106,9 пайызға орындалды.

Ірі мүйізді қара малдың саны 31,8 мың бас, 2017 жылмен салыстырғанда 105,6 пайыз, қой мен ешкі 363,4 мың бас, 105,1 пайыз, жылқы 13,7 мың бас, 107,2 пайыз, түйе 2,6 мың бас, 127,7 пайыз, құс 68,8 мың бас, 105,1 пайызды құрады.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша ірі қара мал алу тапсырмасы – 600 бас, алынғаны – 693 бас немесе 115,5 пайызды құрады.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша қой алу тапсырмасы –1002 бас, алынғаны – 1200 бас немесе 119 пайызды құрады.

«Құлан» бағдарламасы бойынша жылқы алу тапсырмасы –167 бас, алынғаны – 175 бас немесе 104 пайызды құрады.

2018 жылы шағын мал бордақылау алаңдарын ашу тапсырмасы - 165 бірлік, ашылғаны – 169 бірлік немесе – 102,4 пайыз.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 6 млрд. 199 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 101,9% құрады. (Обл. көр.-101,9%. Обл.-10 орында. 2017 жылы 5 млрд. 784 млн. теңге).

ТҰРҒЫН ҮЙ

2 млрд. 86 млн. теңгеге 33237 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 129,0% орындалған (Обл. көр.-121,7%. Обл.- 9 орында. 2017 жылы 25760 шаршы метр).

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жұмыссыздық деңгейі 5,2%. (Жоспар 5,2%). Жастар жұмыссыздығының деңгейі 6,3%. (Жоспар 6,3%). 1657 жұмыс орындары құрылды. (Жоспар 1649%).

Орташа айлық жалақы көлемі 96457 теңгені құраған. 99,6% құрап, 0,4% кеміген. (Обл. көр.-99,1%, 2017 жылы 91817 теңге).

Ең төменгі күн көріс деңгейінің шамасы 24944 теңгені құрап, 103,0%. (Обл.көр-24978 теңге, 2017 жылы 22205 теңге).

БІЛІМ

Жұмыс істеп тұрған апатты және үш ауысымды мектептер жоқ. 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен оқытуға 4327 бала қамтылып, көрсеткіш 96,3 пайызды  құрады. (Жоспар – 95,0%). Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы 22,4 пайыз. (Жоспар – 17,0%).

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Ана өлімі орын алмаған. Нәресте өлімі көрсеткіші 1000 тірі туылғандарға шаққанда 9,7-ні құрады (Жоспар – 9,02, 2017 жылы 11,9).

100 мың халыққа шаққанда қатерлі ісіктерден болатын өлім-жетімді төмендету нақтысы 52,7, жоспар 53,4.

100 мың халыққа шаққанда кан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендету нақтысы 143,3, жоспар 168,8.

100 мың халыққа шаққанда адамның иммунтапшылығы вирусының таралуы, жалпы (15-49 жас тобындағы инфекциялар) орындалуы 0,04 (жоспар 0,04%).

Туберкулезден болатын өлім-жітім нақтысы 1,7, (жоспар 2,6).                                           

                                      ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

2018 жылдың қорытындысымен жалпы 464 құқықбұзушылық тіркелген (2017 жылы 505). 2017 жылмен салыстырғанда 8,1 пайызға немесе   41 құқықбұзушылыққа азайған. Дегенмен:

- онша ауыр емес және орта дәрежелі қылмыстар 2,7% (336-дан 345-ке);

- мал ұрлығы 50,0% (38-ден 57-ге);

- топпен жасалған қылмыстар 92,3% (39-дан 75-ке);

- бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар 20,6% (107-ден 129-ға);

- жасөспірімдермен жасалған қылмыстар 50% (10-нан 15-ке) артқан.


 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
17.01.2016-12:00:00
ЖАҢАРТЫЛҒАНЫ: 
08.04.2019-12:00:00