БЮДЖЕТТІ ОРЫНДАУ

Қаржы экономикалық сала (бюджеттің атқарылуы)

2019 жылғы бекітілген бюджет көлемі 14589,9 млн. теңге. 2019 жылдың 5 айында бюджет қайта нақтыланып, 14734,5 млн. теңгені құрады, яғни бюджет 144,6 млн. теңгеге ұлғайтылды. Қалалық бюджеттің 5 айдағы жоспары 6697,5 млн. теңге болса, жергілікті түсімдерге 621,9 млн. теңге жоспарланып, 661,5 млн. теңге қаржы түсіп, жоспар 106,4 пайызға орындалды, немесе 39,6 млн. теңге қаржы артық түсті. 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,4 млн. теңгеге кем түскен.

Қала бюджетінің шығыс бөлігінің 5 айдағы жоспары 6697,5 млн. теңге болса, 6634,5 млн. теңге қаржы игеріліп, орындалуы 99,1% құрады, обьективті себептермен 10,8 млн. теңге қаржы үнемделуіне байланысты игерілмеді.

1) Жергілікті атқарушы органның жұмыс істеуіне бөлінген бюджет қаражатының 2019 жылға сомасы 674,0 млн. теңге, 5 айда игерілгені 280,2 млн. теңге немесе 99,0%

2) Әлеуметтік маңызды жобаларға (мектептер, ауруханалар, бала-бақшалар және т.б.) 2019 жылға бөлінген жалпы бюджет қаражаты 12195,0 млн. теңге, 5 айға игерілгені 5944,6 млн. теңге немесе 99%.



 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
17.01.2016-12:00:00
ЖАҢАРТЫЛҒАНЫ: 
12.06.2019-12:00:00