"АҚПАРАТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН - 2020" БАҒДАРЛАМАСЫ

Мемлекеттік бағдарламасына түзетулер енгізу және оны іске асыру процестерін үйлестіру жөнінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде құрылған жұмыс тобының құрамына Оңтүстік Қазақстан облысы тарапынан облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары Бектаева Жанардың  кандидатурасы енгізілген. Жұмыс тобының отырысы 2015 жылғы 16 маусымда өткізілді.

32.«Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорын дамыту.

2014 жылы  « "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық  жүйесі арқылы ЖАО көрсететін  28 рұқсат беру және  хабарлама құжаттары электронды тәсілге көшірілді.  

34.Электрондық қызметтерге қоғамдық қолжетімділік пунктерінің санын арттыру, сондай-ақ қолданыстағы пункттердің жабдығын жаңарту. 

Қазақстан Республикасында «Электронды үкіметті» дамыту аясында, қоғамдық қол жетімділік пункттері орнатылған болатын. Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары 2011 жылғы 18 тамыздағы №07-11.45-7 тапсырмасына және Қазақстан Республикасы  Көлік және коммуникация министрлігінің  2012 жылғы 31 мамырдағы №04-25/3327, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2012 жылғы 18 қазандағы №КГИП-7-9297-КГИП-3608 хаттарына  сәйкес қоғамдық қол жетімділік пункттері облыстық ХҚКО теңгеріміне берілді.

12.Ведомствоаралық АЖ жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Аталған іс-шараны орындауды қамтамасыз ету үшін ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің қалыпты жұмыс жүргізілуі қаматамасыз етілді. Жұмысты ұйымдастыру үшін техникалық қызмет көрсету және байланыс қызметін қамтамасыз ету бойынша каналдар сатып алынды.

143.Ақпараттық - коммуникациялық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлауды қамтамасыз ету.

Облыстағы техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің 2014-2015 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бойынша ақпараттық коммуникациялық мамандықтарға 225 грант беріліп, толығымен қабылданды. Жалпы ақпараттық технологиялар саласында облыстағы білім ордаларында  975 маман даярлануда.

153.Мемлекеттік органдардың қызметкерлерін бейінді бағыттардың арнайы оқыту бағдарламалары бойынша компьютерлік сауаттылығының деңгейін арттыру мәселесін пысықтау

Мемлекеттік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау орталығында қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстары бағдарламаларына "Мемлекеттік органдардағы АТ", ҚР Электронды үкіметі, "Мемлекеттік органдардың біріңғай электронды құжат айналым жүйесі", және т.б тақырыптар  енгізілген. Аталған курстарда 2014 жылдың қорытындысы бойынша 2252  мемлекеттік қызметкер  оқытылды. «Ақпаратты Қазақстан -2020» Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің сайтында орналасқан 2014 жылғы Қазақстан Республикасында үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы Т1.7 нысанында Оңтүстік Қазақстан олблысы бойынша «Компьютерлік сауаттылық деңгейі бойынша пайдаланушыларды бөлу» қарапайым пайдаланушылар пайызы 73,8% көрсеткішті көрсетеді. Оқытуды қажет ететін 8,2% халықты оқыту 2016 жылға жоспарланып отыр. 

219.Интернет, телерадиохабарларын тарату және спорттық сипаттағы компьютерлік ойындар арқылы халық арасында салауатты өмір салтын ілгерілету және насихаттау.

2015 жылы облыста 80 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері мен кәсіпорындары жұмыс атқарады.  Оның ішінде: 18 облыстық, 52 қалалық және аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен 8 облыстық және 1 аудандық мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары                    1 акционерлік қоғамы жұмыс атқаруда. 

ОҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы және оған бағынысты 28 спорт мекемелері мен кәсіпорындары  Мегалайн Интернет желісіне қосулы  екенін хабарлаймыз.

Ал, облыс аудандары мен қалаларындағы 52 мекеменің 48 және 15 аудандық және қалалық спорт бөлімдері  интернет желісіне қосылған..

221.Туристік инфрақұрылым объектілерін Интернетке жоғары жылдамдықты қолжеткізумен қамтамасыз ету мәселелерін қарау.

Қазіргі таңда, облыс көлемінде 125 туристік  нысан интернет  желісімен қамтылған, қалған 118 туристік нысандар қолжетімсіз (таулы аймақтар) және қажетсіз болғандықтан қамтылмаған.

227.Интернет-ресурстарды қоса алғанда, БАҚ-та өңірлердегі туризм объектілері туралы кеңінен жария ету

1. Интернет-ресурстарды қоса алғанда, БАҚ-та өңірлердегі туризм объектілері туралы кеңінен жария ету жұмыстары, атап айтқанда   

2. www.tourismuko.gov.kz www.visitkazakhstan.kz,  www.kazakhstan.orexca.com,  www.e-shymkent.kzwww.shi.kzwww.kazakhstantravel.kz  және тағыда басқа сайттарында мәліметтер енгізілген. 

3. Сонымен қатар, «Travel talk», «FVW Daily» және «FVW Magazines», «BIZ», «Central open Asia» халықаралық туристік  журналдарында өңірдің көрікті жерлері туралы жарияланымдар 120 000 тираж санымен шығарылды.

4.  Облыстың туристік нысандары бойынша арнайы бейнероликтер мен бейнефильм түсіріліп,  Еуропа, Азия және Африка елдерінің «CNN» телеарнасынан 45 секундтық бейнеролик, ТМД елдеріне арналған «Russian travel guide» телеарнасынан 5 минуттық ролик,  және «Қазақстан Ұлттық телеарнасынан» 26 минуттық бейнефильмнің  трансляциялау  жұмыстары жүргізілді.

228.Туризм объектілерінің қызметін басқарудың, есепке алудың ішкі процестерін және әкімшілік-шаруашылық қызметін автоматтандыру мәселесін пысықтау.

Облыста орналасқан қонақ үйлер, шипа жайлар, демалыс аймақтары Booking.com, trip advisor, trivago.ru, Hotels.com арнайы бағдарламасы арқылы онлайн брондау қызметін ұсынады.

Облыста орналасқан қонақ үйлер, шипа жайлар, демалыс аймақтары Booking.com, trip advisor, trivago.ru, Hotels.com арнайы бағдарламасы арқылы онлайн брондау қызметін ұсынады.

211.Мемлекеттк кітапханалардың Интернет желісімен қамтамасыз етілуін мониторингілеу.

Облыс көлеміндегі 428 кітапхананың 147  компьютерлік техника бар.  Оның ішінде 125  кітапхана интернет желісіне қосылған.